• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2016

Өсіп-өркендеу жолында

407 рет
көрсетілді

Қазыналы Қаратаудың құт дарыған қойнауы еңбек пен шаттыққа толы. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан осынау өңірдің халқы ел бірлігі мен татулығын нығайта отырып, егемен еліміздің мәртебесін биіктету жолында аянбай тер төгіп келеді. Бүгінгі таңда таластықтар Елбасының алға қойып отырған ауқымды міндеттерін жүзеге асыру жолында еңбек етуде. Және бұл өзінің оңды нәтижесін беруде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдықта жалпы құны – 18211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Нақтырақ тоқтала кетсек, жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын зауыттың құрылысы, яғни «Talas Investment Company» ЖШС инвестициялық жобасы жүзеге асты. Жобаның жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрады. «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрийін өндіретін алғашқы химия зауыты болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда жылына құнды минерал тыңайтқышы 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады. Жыл басынан бері 450 жұмыс орыны ашылды. Бұдан бөлек, 66 адам қосалқы шаруашылықтан жұмыс тапты. Өткен жылы ауданда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген болатын. Яғни, «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Кәсіпорынды іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 па­йызы жасалынып, қондырғылар қойылуда. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 162 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам келді. Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін тарту үшін 97,0 млн теңгеге жобалау-смета құжаттары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Бұдан бөлек зауыттың инфрақұрылымына жобалар жүргізуге 1,2 млрд теңгеге жобалау-смета құжаттары тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің қолдауына ие болды. Ауданда биыл жалпы құны 1 946,0 млн теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тас өңдеп шығаратын зауыт салуды мақсат етіп отыр. Қазіргі таңда зауытқа италиялық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт пайдалануға берілгенде 60 адам жұмыс істейді. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. Бүгінгі таңда 100 адам жұмыспен қамтылған және 4 қосалқы тапсырыс алушы кәсіпорын жұмыс атқарады. Қаратау-Тамды тасжолының бойынан 20 гектар жер телімі бөлініп, онда индустриялық аймақ құрылып, «Игілік» коммуналдық кәсіпорнына берілді. Бұл жерге арнайы киім тігетін цех, әк өңдейтін, кірпіш шығаратын және т.б. кәсіпорындар шоғырландырылады. Инфрақұрылым құрылысына 194,0 млн теңге қажет. Жоба­ның құны 672,0 млн теңгені құрайды. Жасыратыны жоқ, ауданда сүт және ет өнімін өндіретін цехтар тапшы. Осы бағдарлама аясында тәулігіне 2 тонна сүт өндіретін цех ашу мақсатында жұмыстар жасалуда. Жобаның құны 20,0 млн теңге. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделуде. Сүт өнімін тұрақты алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісім жасалды.Бұл орайда ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры 5,5 млн теңге несие бөлді. Бұған қосымша 3,0 млн теңге болатын мемлекеттік грант ұтып алып жұмыс жасалуда. Нәтижесінде құрал-жаб­дықтардың 95 пайызы орнатылды. Сондай-ақ, «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС мәрмәр тасына плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны – 15,0 млн теңге. Жылына 20,7 мың тонна ұнтақталған тас өңдеп, 103,6 млн теңгенің өнімін өндіріп шығаратын болады. «Азмина Мрамор» ЖШС дәл осындай кәсіпті қолға алды. Ал, «Жамбыл-Недр» ЖШС қуаттылығы күніне 5 тонна құрайтын әртүрлі құрылыс материалдарын «Шебер» деген логотиппен шығармақ. Жалпы алғанда, «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы бойынша биыл 92 млн теңгенің 16 әлеуетті жобасы ұсыны­лып, «БанкЦентркредит» АҚ және «Қазақ­стан Халық Банкі» АҚ арқылы 29 млн тең­генің 4 жобасы оң шешімін алды. Бұл қар­жы аудан орталығында «Аида» дүкенін заманауи шағын маркет етіп ашу, қымыз өндірісін, жиһаз шығаратын цехты дамыту және дәрі-дәрмек таситын автокөлік алуға жұмсалады. Одан бөлек кәсіпкерлердің 83,5 млн теңге болатын 10 жобасы екінші деңгейдегі банктерге қарауға ұсынылды. Талас – негізінен ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін молайту, өнім сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар қабылданған. Олардың орындалу барысы жіті бақылауға алынып отыр. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштері тұрақты өсу үстінде. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Әулие-Ата» несие серіктестігі аудандағы 20 шаруа қожалығының 23 жобасын мақұлдап, олар 197,02 млн теңге несие алды. 2013-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру бағдарламасы бойынша биылғы жылдың 8 айындағы статистикалық мәліметке сәйкес 772 шаруа қожалығы тіркелген. Биылдан бастап «Ауыл шаруашылы­ғы кооперативтері туралы» Заң күшіне енуі­не сәйкес, 3 ауылдық округте 4 ауыл шаруа­шылығы кооперативін құру жұмысы ұйымдастырылуда. Мал шаруашылығын өркендетудің бір жолы – жайылымдық­тарды суландыру бағдарламасы бойынша С.Шәкіров ауылдық округінде «Ахай» шаруа қожа­лығы 15 011,8 мың теңгеге 2 құдық және «Казагромаркетинг» АҚ арқылы 12 009,44 мың теңге инвестициялық қаржы алып, тағы 1 құдық қазып жатыр. Сонымен қатар, Үшарал ауылдық округінде «Әден» шаруа қожалығы да құдық қазуға кірісті. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша ауданда ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде жаңадан 8 МТЗ-80 тракторы және 22 ауыл шаруашылығы агрегатын, оның ішінде лизинг жүйесімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 5 МТЗ-80 тракторы және 11 ауыл шаруашылығы агрегаты және нақты ақшаға 3 трактор, 11 агрегат сатып алынды. Әрине, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарих үшін қысқа ғана мерзім болғанымен, бұл қазақстандықтар үшін айтулы кезеңге айналды. Аға буын егемен еліміздің тұғырын бекемдей түссе, жастар үшін тәуелсіздікті сақтау, елге қызмет ету деген қасиетті міндеттер әлі алда тұр. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойын Қазақстан әлеуетті, айбарлы мемлекет ретінде қарсы алғалы отыр. Оған сіз бен біз куәміз. Тәуелсіздіктің тұнық ауасымен тыныс алған жылдары аудан экономикасы да өсіп-өркендеу жолына қадам басты. Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары болашағымыздың бағдаршамына айналып, атқарылар ауқымды істерге тың серпін бергені анық. Болат РЫСМЕНДИ, Талас ауданының әкімі Жамбыл облысы Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН