• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2016

Стартаптар сайысы мәреге жақындады

362 рет
көрсетілді

27 қазан күні Тәуелсіздік сарайында балама энергетика мен «жасыл экономика» саласына қатысты ең үздік 100 стартап жұртшылық назарына ұсынылмақ. Осы халықаралық стартаптар сайысында 100 жобаның ішінен суырылып шыққан 30 жоба ЭКСПО-2017 көрмесінде павильондарға қойылады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Энергетика министрлігінің қол­дауымен «Мұнай және газ ақпа­рат­тық қолдау орталығы» АҚ жүзеге асырып жатқан NEWENERGY global startap fest халықаралық байқауына АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Фран­­ция, Австрия, Нидерланд, Ита­­лия, Түркия, Үндістан сынды әлем­нің 36 елінен 800-ге жуық стартап ұсы­нылған. Кремний алқабының, Тель-Авив университетінің, BR энер­гетикалық компаниясының өкіл­дерінен, сондай-ақ, қазақстандық энергетик мамандардан, ғалымдардан жасақталған халықаралық қазылар осы 800 жобаның ішінен үздік жүз­дікті іріктеп алыпты. Енді Тәуелсіздік сарайында өтетін ақтық сайыста осы жүздіктің ішінен отызы іріктеледі. «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ бас дирек­торы­ның міндетін атқарушы Асқар Мұнараның айтуынша, шараның басты мақ­саты – жаңғыртылмалы энергия көз­дерін табу, «жасыл эко­номика» тех­но­логияларының жеті­луіне ат салысу. – Біріншіден, бұл байқау арқылы еліміздің энергетика саласына үлес қосуға тырыстық. Екінші мақсатымыз – келер жылы елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін халықаралық аренада насихаттау, танымалдығын арттыру. Сондай-ақ, осы арқылы елімізде инновацияның және стартап мәдениеттің дамуына ықпал етеміз деген үмітіміз бар. Мұндай шара Қазақстанда ғана емес, Еуразия көлемінде бірінші рет өтіп жатыр. Стартап байқаулар көп, әрине. Бірақ тек қана энергетика саласында 800 жаңа жобаны бір жерге шоғырландыру бұрын-соңды болмаған, – дейді ол. Асқар Мұнара айтып өткен­дей, шикізат бағасы түскен сайын, балама энергия көздеріне деген сұраныс та арта береді. Тіпті, көмірсутегі бағасының құлды­рауына әсер етіп жатқан фак­тор­лардың бірі осы жаңғырмалы энергия алу технологиясының жетілуі деуге де болады. Демек, Қазақстан алдағы уақытта өзінің энер­гетикалық қауіпсіздігін, эколо­гиясын сақтау үшін жаңғыр­малы энергия көздеріне иек артуды үйренуге тиіс. Байқауға ұсынылған стартап жоба­ларға тоқталар болсақ, олардың басым көпшілігі жаң­ғырмалы және балама қуат көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыратын компаниялардан келіпті. Сондай-ақ, «ақылды қала» және тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру, энергия және экология, жаңа энергия көздері, зиянды ресурстарды тиімді тұты­ну сынды категориялар бойынша ұсынылған жобалар көп екен. Жасыратыны жоқ, қоғамда стар­тап­тардың пайдасына қатысты күмәнді ойларға жете­лейтін пікірлердің айтылып жүр­гені де рас. Мәселен, жүздеген стар­тап жобалардың арасынан бірді-екілісі ғана іс жүзіне асып, қалға­ны шығынға ұшыратуы мүмкін. Бұл дамыған елдерде, стар­тап жобалар сұранысқа ие мемле­кет­тердің өзінде жиі кездесетін құбылыс. Алайда, NEWENERGY global startap fest фести­валінің жөні басқа. Бірін­ші­ден, әлемнің ондаған елінің өнер­тап­қыштарын тарту арқылы жоба өз мис­сиясының бір бөлігін орындады деуге болады. Екіншіден, жоба­ға мем­лекеттік бюджеттен қа­ражат жұм­салмайды. Стар­тап жобалардың байқауын толық­тай «ERG S.A.R.L» және «Jupiter Energy» компаниясы қаржыландырады. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»