• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2011

Сайлау әділ, ашық және мөлдір өтуі тиіс

555 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Респуб­ли­ка­лық сайлауалды қоғамдық штабтың мүшелерімен кездесу өт­кізді. Кездесу «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының ғи­маратында өтті. Мемлекет басшысы мұнда келгеннен кейін Рес­публикалық қоғамдық штабтың жұмысымен танысты. Кездесу барысында Респуб­ли­калық қоғамдық штабтың жетекшісі Н.Нығматулин, «Әділет» де­мо­кратиялық партиясының төр­аға­сы М.Нәрікбаев, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі С.Романовская, Респуб­ли­калық штабтың мүшесі В.Зенченко сөз сөйледі. Бейнеконференция түрінде өткен кеңесте өңір­лердегі штабтардың жетекшілері есеп берді. Кеңес бары­сын­да сайлауалды штаб жұ­мы­сы­ның негізгі бағыттары талқы­ланды. Президент Республикалық штаб орталықтағы және жергілікті жерлердегі іс-қимылды үйлес­ті­руді жоғары деңгейде қамта­ма­сыз етуге шақыратынын, сайлау науқанын өткізуші негізгі орта­лық болып табылатынын атап өтті. Штабтың алдында сайлауды әділ және ашық өткізу міндеті тұр. Президент атап өткендей, Қа­зақстан 20 жыл ішінде өзге елдер үшін ондаған жылды қажет ететін үлкен жолды жүріп өтті. Тиімді нарықтық экономика құрыл­ды, әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Жиырма жыл ішінде экономика көлемі 13 есе артты, ІЖӨ деңгейі жан басына шақ­қан­да 9 мың АҚШ долларына жетті. Тек соңғы 10 жыл ішінде кірісі ең төменгі күнкөріс минимумы­нан төмен халықтың үлес сал­ма­ғы 4 есе азайды. Он жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 5 есе, дәрігерлердікі 7 есе, зейнетақы 6 есе өсті. Осы жылдарда 45 миллион шаршы метр тұрғын үй, 450 аурухана мен емхана, 750 жаңа мектеп салынды. Демократиялық саяси жүйе қалыптасты, көп ұлтты қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісім орнықты. Қазақстан әлемнің барлық еліне танылды. Мемлекет басшысы үгіт-на­сихат жұмыстарын ұйымдастыру кезінде формальді қадамнан аулақ болу қажеттігін атап өтті. Үгіт-насихат науқанына арналған шығындар тек қана сайлау қоры­ның аясында жүзеге асырылуы тиіс. Президент сайлауалды ке­зеңде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Барлық деңгейдегі әкімдердің назарын сайлау заңнамасын сақ­тау қажеттігіне аударамын. Мемлекеттік биліктегі барлық органдар тек өз істерімен айналысып, сайлау науқанына араласпауы тиіс. Бас прокуратураға заңды­лық­тың сақталуын қадағалауды қам­та­масыз етуді, сайлау туралы заңнаманың бұзылған фактілері туралы шағымдар мен өзге де арыздарға жедел назар аударуды тапсырамын. Қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жағдайда жедел тәртіп бұзудың жолын кесіп, ондай кезде қажетті принципшілдікті көрсетулері керек, деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрлігіне сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімділігін тең тұрғыда қам­тамасыз етуді тапсырды. Әрбір үміткер радио мен телевидение ар­қылы өз сайлаушыларына бағ­дар­ламаларын насихаттауда тең құқықты иеленулері және өзде­рі­нің сайлауалды тұғырнамаларын кеңінен жария етулері қажет. Өз сө­зінде Нұрсұлтан Назарбаев сон­дай-ақ сайлау науқанын бақы­лау және қоғамдық бақылау қам­тама­сыз етілуі тиістігін атап көр­сетті. Мемлекет басшысы сайлау науқаны кезеңінде жаппай үгіт-насихат іс-шараларының орнына халыққа болашақ дамуымыздың стратегиясын, негізгі басымдық­тарын түсіндіруді ұйымдастыру бәрінен маңызды екенін атап өтті. Олар Қазақстан халқына Жол­дауында, «Нұр Отан» партия­сының съезінде сөйлеген сөзінде, 2020 – Стратегиялық жоспа­рын­да айқын көрініс тапқан. Онда «Қа­зақстанның болашағының образы» нақты қалыптас­ты­рыл­ған. Негізгі басымдықтарға мы­налар жатады: – орнықты экономикалық өсім­ді қамтамасыз ету, үдемелі ин­дустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қол­дауды күшейту; – таяу он жыл ішінде жұ­мыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін, халықтың кедейшілігін 6 пайызға дейін төмендету; – индустрияландыру аясында 100 мыңдаған жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу. Мемлекет азаматтарды жаңа маман­дық­тарға тегін оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын болады; – әр жыл сайын алты миллион шаршы метр тұрғын үй құры­лы­сын, бес жыл бойына 350 аурухана мен емхананың, 400 мектептің құрылысын қамтамасыз ету; – 2020 жылға қарай орташа күтілетін өмір ұзақтығын 72 жасқа дейін және одан әрі ұлғайту. Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды, ана мен бала өлімі екі есеге азаяды; – барлық балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы, қазақстандық жоо-лардың дең­гейі­нің артуы әлемдік стан­дарт­тарға сай болады; – аграрлық секторда еңбек өнім­ділігі ұлғайып, ет өнім­де­рі­нің экспорты оны арттыру жөнін­дегі бағдарлама мен ауыл шаруа­шылығын шағын несиелеу бағ­дар­ламасын іске асыру арқылы 60 мың тоннаға жетеді; – орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік ауылдың 80 пайызын және ша­ғын қалалардың 100 пайызын құрайды; – 1400 шақырымға жуық жаңа темір жол желісінің құрылысы, республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының 16 000-ға жуық шақырымының құрылысы жүр­гізі­леді, әуе тасымалы ры­но­гында бәсекелестік орта құры­лады; – «Самұрық-Қазына» қоры­ның құрамына енетін ұлттық компаниялардың акцияларын ха­лықтың арасында орналастыру бағдарламасы іске асырылады; – халықтың қазақ тілін мең­геру деңгейін 95 пайызға жеткізу көзделуде; – саяси жүйені демократия­лан­дыруға, мемлекеттік инсти­тут­тар­дың тиімділігін арттыруға ар­налған бағыт жалғасын таба­ды. Парламент көппартиялы болуы тиіс; – жауапты және белсенді сыртқы саясат, елдің қорғаныс қабілетін нығайту жалғасады. Жолдауда халықтың барлық буынына қолдау көрсету қарас­ты­рылған. Ауыл тұрғындарына – бизнес-жобаларына шағын несие бөлу. Ал көмекті қажет ететін азаматтарды мемлекет тарапынан оқыту және жұмыс беру. Шағын бизнеске жеңілдетілген несиелер беру. Президент қазіргі уақытта жаңа тұрғын үй сатып алуға және салуға жаңа мүмкіндіктер барын атап көрсетті. Тұрғын үй құры­лысы бизнесті жандандырып, мың­даған қазақстандықтарға жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осының барлығы эконо­ми­каны одан әрі нығайту, әлеу­мет­тік мәселелерді шешу, қазақ­стан­дық азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін қажет. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ­стан­дық қоғамның бірлігін сақ­тау өте маңызды екеніне ерекше назар аударды. Қазақстанда әлеу­меттік мәселелерді шешу және әл-ауқат­ты арттыру мемлекеттік саясат­тың басты басымдығы болған және солай болып қала береді. «Біз көп ұлтты қазақ­стандық қо­ғамның бірлігі мен келісімін көз­дің қарашығындай сақ­тауға тиіспіз. Бұл – басты жетістігіміз, еліміз дамуының шарты. Тәуел­сіз­діктің 20 жылы ішінде осылай бол­ды, болашақта да солай бола береді. Мен бұл туралы қайта­лау­дан ешқашан шаршаған емеспін, өйткені, бұл – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды мәселе. Өздері­ңіз білесіздер, биылғы жылы біз Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамырды жаңа пішінде атап өтеміз. Бұған ерекше көңіл бөлу керек», – деді Президент сөзінің қорытындысында. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.