• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2016

Кәсіби білім ордасы

572 рет
көрсетілді

қазіргі заман талабына тез бейімделді Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің дирек­торы, экономика ғы­лымдарының кандидаты Мырзабек КҮЖІМОВПЕН әңгіме  – Мырзабек Төребекұлы, ал­дымен өзіңіз басқаратын оқу ор­нының маман-кадрлар дай­­ын­даудағы негізгі бағыт-бағдарына тоқ­талып өтсеңіз. – Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің білім беру қызметі Мемлекеттік білім беруді 2016-2019 жылдарға арнал­ған дамыту бағдарламасында қойылған мақсат-міндеттер – тех­никалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінің беделін арттыруға, ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз етуге, елдің ин­дустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңартуға, «Мәң­гілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған. Ал техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу мекемесі қызметінің негізгі бағыты – экономика және IT саласында білікті мамандарды дайындау. Сонымен қатар, оқу орнында басты назар әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілерге де аударылған. Айта кету керек, бұл өзара әре­кет­тестіктің өзіндік сапалық бағыт­тылығы бар. Сол себептен де колледж ұжымы бұған бар күш-жігерін жұмсап келеді. Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы қарсаңында біздің колледжге 60 жыл толады. Оның іргетасы сол жылдары қарқынды дамып тұрған тұтынушы кооперация салаларын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында 1956 жылы Ақмола кооператив техникумы ретінде қаланған болатын. Алғашқы жылдары колледжде «Бухгалтерлік есеп» және «Тауартану» мамандықтары бойын­ша барлығы 120 адам білім алған. Осы уақытқа дейін колледж тек Қазақстанның ғана емес, ТМД елдерінің бірқатар кәсіп­орындарында да еңбек етіп жүр­ген мыңдаған түлектер дайын­дап шығарды. Түлектер арасында министрліктер мен түрлі ве­домстволардың жетекшілері, кәсіп­­керлер мен ЖОО-ның оқы­ту­шылары көптеп кездеседі. Оқу орнының қанат жаюына Ақ­мола коо­­ператив техникумына әр жылдары басшылық еткен А.Ко­рольченко, М.Харжевский, В.Мас­лов сияқты тұлғалардың сіңірген ең­бектері зор. Колледж нарықтық экономика талаптарына сәйкес бәсекеге қабілетті 6 бағытта, яғни «Есеп және аудит», «Туризм», «Маркетинг», «Құқықтану», «Есептеу техни­касы және бағдарламамен қамта­масыз ету», «Аударма ісі» маман­дықтары бойынша мамандар да­йындауды жалғастыруда. Ал оқу үдерісі заманауи құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Колледжде дербес компьютерлермен жабдықталған 8 компьютерлік сынып және 24 оқу аудитория­сы оқудың қазіргі заманғы ақ­па­раттық-коммуникативтік тех­нологиясының басты құралы – ин­терактивті тақталармен жаб­дықталған. Сонымен қатар, білім беру сапасын арттыру мақсатында ақпараттық білім беру орталығы ашылған, онда студенттер мен оқытушылар интернетті еркін пайдалана алады. – Оқу үдерісінде жаңа оқы­ту технологияларын пай­дала­нудың жайы қандай дең­гейде? – Колледжде бұл мәселе ойда­ғыдай шешілген деп айтуымызға болады. Бүгінде жаңа оқу технологияларында тиімді пайдаланылатын мультимедиялық техника және басқа да әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып келеді. Сабақ кезінде оқытушылар студенттің өз бетінше оқу дағдысын қалыптастыруға бейімделген дәстүрлі оқыту әдіс­терімен ұштастырылған модульдік технологияларды, дамыту ойындарын, сындарлы оқыту теориясы тұрғысынан ойлау технологияларын да пайдаланады. «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойын­ша колледж оқытушылары «Arta Software» ЖШС, «Kazakhstan Prime Innovation» ЖШС әлеуметтік се­ріктестермен бірігіп 1304000 «Есе­п­теу техникасы және бағ­дар­ламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша модульдік оқыту бағдарламасын әзірледі. Нәтижесінде колледж Астана қаласы Білім басқармасының бұйрығымен модульдік оқыту бағдарламасын енгізу бойынша сынақ алаңы болып есептелінді. Колледжде сапалы білім алу, кәсіби дағдыны қалыптастыру және болашақ маманның психологиясын дамыту үшін дуалды оқыту элементтері енгізілуде. Еліміздің заңнамасы аясында нақты жұмыс істейтін «Студент» оқу-зертханалық орталығы ашылған. Бұл орталық «Есеп және аудит», «Маркетинг» мамандығы бойынша құзыретті мамандар дайындау үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында колледжде әлеу­меттік серіктестердің білікті қыз­меткерлері тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Мысалы, «Есептеу тех­никасы және бағдарламамен қам­тамасыз ету» мамандығы бойынша «Арус Про» ЖШС директоры В.Арешин, «Arta Software» ЖШС бағдарламалау бойынша зертхана жетекшілері С.Коробицин мен Р.Егембердиев әртүрлі бағдар­ламалау тілдерін үйретуде. Кол­ледждің әлеуметтік серіктестері сабақ беріп қана қоймай, сонымен бірге, тәжірибеден өту кезінде өзі­нің білімі мен біліктілігін дәлелдеген түлектерді жұмысқа да алады. – Бүгінде оқу бағдарламалары біраз өзгеріске ұшырады, оқы­ту­шыларға деген талап та кү­шейтілді... – Жаңа жұмыс талаптарына сәйкес оқытушы рөлі өзгерген, білімді таратушы және тасымал­даушының орнына, ол жоғары құзыреттілікті кеңесшіге, бағыт беруші әрі студенттің көмекшісіне айналған. Ал студенттер оқу үдерісінің басты тұлғасы болып табылады. Білім беру 42 штаттық оқытушылар арқылы жүргізіледі, олардың 14-і жоғары және бірінші санатты мамандар. Колледжде білікті және білімді мамандарды дайындау жолында жылдар бойы ерінбей еңбек етіп жүрген оқытушылар – А.Үстенбеков, С.Құндызбекова, Г.Тіл­дабаева, Г.Мүсілімова, Е.Петько, Л.Ыбрае­ва, А.Даметова, Н.Жү­сіпова, У.Адыр­бекованы атап өткен жөн. Білімді реформалау талаптарына сәйкес оқытушылардың біліктіліктерін арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқытушылар Астана қаласы Білім беру жүйе­сіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру курстарынан ұдайы өтіп тұрады. Колледж оқытушылары Францияның Севр қаласындағы, Ресей Федерациясының Мәскеу және Том қалаларындағы, Бе­ла­русь Республикасының Минск қаласындағы орталықтарда, сонымен қатар, әлеуметтік серіктестердің базаларында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Биылғы оқу жылында «Кәсіпқор» холдинг ҰАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсына 12 оқытушы қатысты. Оның ішінде екі оқытушы «Кәсіпқор» холдинг ҰАҚ-тың штаттан тыс жаттықтырушысы мәртебесін алды. – Мырзабек Төребекұлы, колледжде «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білім­ді жаңғырту» халықаралық жобасы қолға алынып жатқан екен. Енді сол жайында айтып берсеңіз. – Қазтұтынуодағының Сау­да-экономикалық колледжі «Тех­никалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша 57 миллион теңге көлемінде грант иесі болып табылады. Жоба Халық­аралық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылды. Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынған бұл займ мамандардың дайындық деңгейін жоғарылатуға, бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құруға бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – техни­калық мамандық бойынша оқитын студенттерді дайындау кезінде жаңа білім беру технологияларын енгізуді көздейді. Жобаның негізгі шарт­та­рының бірі – модульдік оқыту бағ­­­дарламасын әзірлеу. Әзір­леніп жатқан модульдік оқы­ту бағ­дарламалары дайындалатын ма­манға тек «техник-бағдар­лама­шы» біліктілігін беріп қоймай, оған қосым­ша «ЭЕМ операторы» және «ЭЕМ баптаушысы» біліктіліктерін де беруге бағытталған. Жобамен жұмыс істеу нәтижесінде колледж оқытушылары әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойын­ша институттық даму жос­парын әзірледі. Институттық даму жоспарында аймақта еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық қажет­тіліктері мен талаптарына сәйкес ІТ маман­дарын дайындау бойынша үздік колледж мәртебесіне ие болудың стратегиялық мақсаты айқындалған. Оның даму бағыттары – әлеуметтік серіктестікті, халық­аралық ынтымақтастықты және кадрлық әлеуметті дамыту. Сонымен қатар, колледж имид­жін жақсарту, білім беру үдерісін жаңғырту, материалдық-техни­калық қорды нығайту. Грантқа бөлінген қаржы Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің келісімшарты бойын­ша заманауи құрал-жабдықтар мен бағдарламалық өнімдер алуға, интерактивті оқытуға, колледждің педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға, оқу-әдістемелік материалдар мен элек­тронды оқулық құралдарын әзірлеуге және басқару жүйесін жетіл­діруге бағытталады. Сатып алынған заманауи құрал-жаб­дықтар 5 компьтерлік сыныпта, 2 зертханалық және серверлік кабинеттерде орнатылған. Жоба аясында колледжге 79 моноблок, 25 дербес компьютер, 28 планшеттік компьютер, 13 қысқа фокусты проектор, 13 интерактивті және көп функциялы интерактивті, сон­дай-ақ, портативті интерактивті тақталар, теледидар және 3 WI-FI роутер сатып алынды. Бұған қоса, бағдарламалық өнімдерге де қол жеткіздік. – Алдағы жылдары жүзеге асырылуы тиіс қандай жоба-жоспарларыңыз бар? – Оқу үдерісін заманауи талап­тарға жауап беретін деңгейде ұстап тұру үшін, колледждің инженерлік-педагогикалық құрамы заман талабына сай біліктіліктерін арттырып отыруы тиіс. Осыған орай, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізінде біліктілікті арттыру жүйесінің тиімді моделін әзірлеу, колледждің жұмыс берушілермен ынтымақтастығын нығайту, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу және енгізу, колледждің имиджін жоғарылату және талапкерлердің санын көбейту міндеті алдымызда тұр. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»