• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2011

Ертегіші

699 рет
көрсетілді

Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Алайда, біз бүгін­де оны естен шы­­ғарып бара жатқан­дай­мыз. Бұл ретте кешегі Халық қаһар­маны Бауыржан Мо­мы­ш­ұлының: «Ертексіз өскен бала рухани мүгедек бала. Біздің қазіргі балалары­мыз­дың не әжелері, не шешелері ертегі айта білмейді. Содан – қорқам», – деген жанды сөзі еріксіз еске түседі. Рас, бүгін­гі қоғамда ертегі айту қолданыстан шы­ғып, оның орнын адам санасына кері әсерін тигізетін технологиялар басуда. Күні кеше ертегімен ұйқыға бөленетін жас бала бүгінде МР3 дейтін әуенмен, агент деген жауменен ұй­қы­ға орануы бұл күндері қалыпты жағ­дай­­ға айналған. Ал бұл – ащы да болса шын­дық. Оған ата-аналардың да еті үйре­ніп кет­кендей. Иә, ертегінің бүлдіршін­деріміз­ге берері мол екендігін ескеретін аналарымыз сау­сақпен санарлық. Солар­дың бірі – кезінде бүкіл қазақ даласының балдырған­дарына арнап, кешкілік уақыт­тарда радиодан ертегі оқыған Шырын-Бүбі әже жайлы сыр ақтарсақ деп едік. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі ара­лық­та әр адам өзінің рухани да­муы­на қа­жет­ті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деген екен. Осы қағиданы үлгі тұтатын «Ал­тын алқа» иегері Шы­рын-Бүбі Асубаева бү­гін­де көп балалы ана, кешегі ұстаз, бү­гінде зейнеткер, немере мен шөберенің қы­зы­ғына тоймай отыр­ған сүйікті әже. Оның қоңыр дауы­сын қалың жұртшылық «Қазақ радио­сы» ар­қылы таниды. Иә, халық аузын­­дағы ұлт­тық нақыш пен ділімізге сай ертегілерді ке­зінде «диктор» әжеміз «Қазақ радио­сы» ар­қ­ылы жаңғыртқан болатын. Сол кездері сан ұлттың ертегілерін қазақ тілінде сөйле­тіп, бүлдір­шін­дерімізді тәтті ұйқыға бөледі, олардың қиялын ұштады. Ол айтатын ертегілерді радио тыңдар­ман­­дарының белгілі бір аудиториясы асы­ға күтті. Ұрпақ тәрбие­сіне жаны да ауы­ратын есті әжеміз «Шалқар» ра­дио­сы арқылы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі жай­лы пікірлері мен ақыл-кеңестерін айтып оты­­ра­тын. Әри­не, өзгеге ақыл-кеңес айту үшін білім-білік керек. Ал Шырын-Бүбі ана­мыз­­дың рухани болмыс-бітімі бай, көшелі жан. Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір­ге келген асыл әже бұл күндері 67 жас­та. Қазақ тілі мен әдебиеті маман­ды­ғы бойын­ша білім алып, еңбек жолы­ның 32 жылын ұстаздық етуге арнаған. 1962 жы­лы өмірлік жары Советхан Мүлік­байұлы­мен бас қо­сып, отау тігеді. Ері екеуі әр түрлі оқу орын­дарында са­бақ беріп, заман талабына лайықты ғұмыр сүре­ді. Алай­да, қой үстіне бозторғай жұ­мырт­­қа­лай­тындай осынау тыныш ке­зеңде 1992 жылы жолдасы өмір­ден өтіп, небәрі 48 жасында жеті бірдей баламен жесір қалады. Ол кезде балалары да тым жас болатын. Ең кішісі жеті жасар ғана еді. Біріншіден Алла­ның, екіншіден ел-жұрты­ның көмегімен ауыр жүкті арқа­лап, жеті баланы бағып-қағып, ешкімнен кем қыл­май өсірді. Әрине, мұндай ауырт­палық оған оңай тимеді. Әйтсе де ол өзіне тіректі иманға ұйып, намаз оқу­дан тапты. Уақыт өте келе, балалары жоғары білім алды, келін түсіріп, қыз ұзатты. Келіндерін туған қызындай аялады. Содан да шы­ғар, ел бүгінде оны тамаша ене, асыл жанды ана ретінде таниды. Келін демекші, мына бір жәйтті ол жиі еске алады десек, аяғы ауыр келінінің өзді­гінен босана алмайтындығын дәрігер­лер ескерткен болатын. Шырын-Бүбі әже Алла­тағала­дан оның амандығы мен саулы­ғын, өздігінен босануын тілеп, көз жасын көл еткен. Әсіре­се, баланы ішті жарып аламыз деген сөзден сескенген ана келінінің бұған дейін екі бала­ны өмірге әкелгендігін, үшінші­сін босануға да шамасы келетіндігін алға тартып, дәрігерлерге қарсы уәж ай­т­ып, бар жауапкершілікті өз мойынына алып, операция жасауға жол бермегені еске түс­се, жү­регі шымырлап қоя береді. Рас, сол жолы ананың айтқаны бо­лып, келі­ні­нің мер­­зімі жетіп, өзі босан­ған. Бір қызығы, бала бүркеншек жейдемен туыл­ған екен. Сөйтсе, жейдеге ора­нып туылған нәрес­те Аллатаға­ла­ның жер бетіне жіберген мың нәрестесінің бірінде ғана кездесетін көрі­не­ді. Батыр­лық пен тәуекелшіл­дікті қа­жет­сінетіні мұндай табандылық­тың ар­қа­сында ба­тыл қадам жасаған әже сөй­тіп немер­е­сінің жанын аман алып қалған. Шырын-Бүбі әже тәуекелшілдікті қаншалықты бойына сіңірсе, соны­мен қоса мейірімділік пен жүрек жылуына да соншалық бай. Қорыта келгенде, асыл әже бүгінде қазақы салт-дәстүрді бойына сіңіріп, ұл-қыздарына баға жетпес тәрбие беріп отыр. Сондықтан да ұмыт қалып бара жатқан ертегі айту дәстүрін жаңғыр­тып жүрген Шырын-Бүбі сияқты әже­лер қатары көбейе түссе екен дейсің. Ой­лап қарасақ, дүниеге келген әрбір пен­­де­нің басты мақсатының бірі сана­лы ұрпақ сүйіп, оны тәрбиелі етіп өсіру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениет­ті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек­қор, іскер, бойында басқа да игі қасиет­тер қалыптасқан ұрпаққа тәрбие беру. Ал тәрбиенің ішінде ертегінің рухани мәні ерекше. Ол балаға рухани ләззат беріп қана қоймай, қиялға қанат бітіріп, бала рухының өсіп-жетілуін қамтамасыз ететінін ұмытпайық, замандас! Жұлдыз БАЙДІЛДА. Алматы облысы.