• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2016

Міндетті пәндер мәселесі

986 рет
көрсетілді

Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай АЛТЫНСАРИН

Соңғы 10-15 жылдың аралығында еліміздің білім беру жүйесінде тәуелсіздік талаптарына орай кең ауқымды реформалар жүргізілді. Соның ішінде мемлекеттік Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) моделінің орны бөлек. Бұл, біріншіден, білім сапасын бақылау мен бағалау тетігін орнықтырды. Әрі мектеп ұжым­дары мен оқушылар және ата-ана­лар үшін де ыңғайлы, қолайлы екен­дігін көрсетті. Осы орайда қазіргі қол­даныстағы ҰБТ-ның төрт пәндік форматы мен оны ұйымдастыру жүйесін бұдан әрі сақтаған жөн деп есептеймін. Неге? Енді осы сауалға жауап беріп көрейін. ҰБТ – әрбір оқушыдан білім стандартындағы бағдарламалық материалды нақты білуін талап етеді. Мұндай жағдайда оқушы күнделікті баға алу үшін емес, тестілеу кезінде жоғары балл алуға ұмтылады. Әрі заңдылықтар мен ережелердің және құбылыстар мен оқиғалардың мәнін терең түсініп алуға зейін қояды. Алайда, соңғы он жылдықта тесті­леу төңірегінде еліміздегі жалпы білім беретін мектептер тәп-тәуір тәжі­рибе жинағанына қарамастан, ҰБТ оқушыларға қысым жасайды, жүйкелеріне салмақ салады, білім сапасын бағалаудың көрсеткіші болудан қалып барады деген пікірлер де айтылып қалып жүр. Рас, әрбір оқушының күнделікті материалды үздіксіз меңгеруін қамта­ма­сыз ету өте күрделі мәселе. Тесті білімдегі осы кемшіліктерді көрсе­тіп бере алады. Сол үшін оны оқушы да, ата-аналар мен мұғалімдер де «жақсы» көре бермейді. Менің ойым­ша оқушының білім сапасының төмен­деуіне тестілеудің қатынасы жоқ. ҰБТ оқушының білім деңгейін айқындаушы ғана әдіс. Жоғарыда айтып өткенімдей, ҰБТ-ның қазіргі қолданыстағы негізгі төрт пәндік форматын сақтау қажет­тілігінің басты мәні мұнда бұл пән­дер­дің әрқайсысының өзіндік орны бар. Айталық, мемлекеттік тіл мен мате­­матика пәндері – әлемдік жалпы білім беру тәжірибесінде міндетті оқы­тыл­атын пәндер қатарына кіреді. Бұлар­дың бүгінгі өмірдегі қажеттілігі мен маңыздылығы талас туғызбайды. Ал тарих пәні біздің егемен ел жағ­да­йын­да міндетті оқытылатын пән­дер­дің бірі болуы тиіс. Болып та жүр. Бұл арқылы жастардың бойында өткенге құрметпен қарап, отанды сүйе білу сезімін қалып­тастыра аламыз. Қай қоғамда да жеке тұлғаны қалып­тас­­­ты­рудағы басты көрсеткіш адам­гер­­­ші­лік сапа болып қала бермек. Біздің қазақ­­стан­дық қоғамда да солай. Ал түп­­тей келгенде, оқушылардың таң­дау пәні біреу болуы дұрыс. ҰБТ-ға қатысты көптен айтылып келе жатқан мәселелердің бірі – екі деңгейлі жүйе. Оның біріншісі, орта мектепті аяқтаған қорытынды баға болса, екіншісі, жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті баға. Біріншіден, бүгінгі таңда жастардың жоғары оқу орнына даярлығы жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде де солай. Жоғары оқу орындарына жастарды әзірлеу бес жылдан жеті жылға жейін жалпы білім­нің жоғары сатысында және ар­найы мектептерде жүргізіледі. Бүгін­гі таңда ХХІ ға­сыр­дың күрделі интел­лектуалдық маман­дықтарына жас­тар­ды даярлау үдерісі күрделеніп бара­ды. Мұндай жағдай өз кезегінде жал­пы білімнің жоғары сатысына ерек­ше талап қойып, он екі жылдық білім беруге көшуімізді талап етіп отыр. Бүгінгі таңда мектептің жоғары сыныптарында 19-дан 23-ке дейін пән оқытылады. Әрі бұл аталған пән­дер­дің бағдарламалары өте күрделі. Бұл бөлек бір тақырыптың еншісі. Аталған бағдарламалар ғылымның ХХІ ғасырға дейінгі даму деңгейін, ертеңі мен бүгінін толық қамти отырып құрастырылған. Сонда осы 19-23 пәндер бойынша берілетін кең көлемді білім әрбір оқушыға түсетін ауыр салмақ. Яғни, оқу жос­пары оқушыларға бейінді білім беру қағидаты бойынша емес, кеңес мектебінен бері өзгеріссіз келе жатқан жалпыға бірдей міндетті білім беру тәртібіне негізделіп құрылған. Бұл «Білім туралы» Заңда көрсетілген мектептің жоғары сыныптарында оқу­шылардың өз қабілетіне, таңдаған болашақ мамандығына, өзінің қызы­ғу­шылығына қарай саралап және даралап оқыту талаптарына мүлдем қайшы келеді. Оқу жоспарындағы бейінді және міндетті пәнге берілетін уақыт көлемі­­нің жай пәндерден айыр­­ма­шы­лығы жоқ. Таңдаған маман­дық­тарына қарай оқу­шылар бейінді пәндерден білімді қо­сым­ша арнайы курстар арқылы терең­детіп меңгерулері тиіс. Сонда түс­­ке дейін оқушылар алты сағат стан­­дарт­­тық оқу жоспарындағы пән­­дер­ді оқиды. Оған қоса, оқушы­ла­р­дың түс­тен кейін төрт сағат уақыт көле­мін­де ер­теңгі сабаққа, үй тап­сыр­­м­а­сына әзір­­л­енуі және де факуль­та­тив­­­тік сабақ­­тар­ға қатысуы керек. Сөй­­тіп, оқу­шы­лар­дың бір күндік оқу уақы­­ты 12-14 сағаттан асып түседі. Бұл жағдай оқушыға да, мұғалімге де өз мүм­кін­діктерін бір арнаға бағы­т­­тай алмай­ды. Сондықтан оқу жо­с­­парын­дағы бейінді, міндетті пән­дерге бөлі­не­тін уақыт көлемін әр оқу­шы­ның ер­тең­гі өмірлік мүдде­леріне, қабілет икемділіктеріне қарай анықтамайынша, оқушылардың тағ­дырына тікелей қатынасты сапалы, бейінді білім беру еш мүмкін емес. Қазір оқушылар ҰБТ-ға әзірлену үшін мектептен тыс репетиторлар жал­дауына, «шпаргалка» әзірлеу­ге және де тікелей тестінің әзір жауап­­тарын сырттан көшіріп алу үшін түрлі бай­ланыс құралдарын қол­­дануға мәж­бүр. Мұндай көрініс бар­­лық жер­де әдет­тегі жағдайға ай­на­лып бара­ды. Тіп­ті, жалпы білім бе­ре­тін мектеп­тер­дегі мұғалімдер­дің өз­дері осы бағытта жұмыс іс­тей бас­­та­ды десе де болғандай. Сон­дай-ақ, ке­йінгі кезде енгі­зілген «жылдық ор­таша арифме­тика­лық бағаны аттес­тат­қа қою» тәр­ті­бімен де келісу қиын. Өйткені, бұл сонау жетпісінші жыл­дардағы кеңес мектебінің тәжі­рибесін еске сала­ды. Мұн­дай тәсіл, түп­тей келгенде, мұға­лімдер­дің оқу­шы­ларға жасанды жоғары баға қоюы­на алып келеді. Бүгінгі та­ң­да «бұл мұраны» тестпен қатар қол­да­нып, білім сапасының көрсеткішін оған тәуелді етудің ешқандай қисыны жоқ. Сөз соңында тағы бір айтайын деге­нім, кейінгі кезде ҰБТ өткізу қосын­дарының санын негізсіз өсіру көрі­ніс­тері белең алып барады. Мұндай жағ­дай­да Ұлттық бірыңғай тестілеудің басты мақсаты – тәуелсіз сырттай бақылау тәсіліне елеулі нұқсан келетіні анық. Сонымен бірге, тестілеу моделінің әділ бағалау мен объективтілік деңгейі де төмендейді. Сондықтан қосын санының көбеюі ҰБТ моделінің басты қағидасы – бақылауды толық жүзеге асыруға зиянын тигізбесе, ешқандай пайда бермейді деп тұжырым жасай аламыз. Нәсіпқали ДӘУЛЕТОВ, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты   Батыс Қазақстан облысы