• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Халықаралық ана тілі күні аталды

399 рет
көрсетілді

1999 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференция­сы жариялаған, содан бері мәдени әртектілікті жа­қындатып, көп тіл меңгеруге септігін тигізу үшін жыл сайын аталып өтетін Халықаралық ана тілі күніне байланысты Алматыдағы Достық үйін­де бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Бас­ты мақсаты – Қазақстандағы этнос өкіл­де­рінің лин­гвистикалық әралуандығы мен көп­тілділікті жә­не олардың мәдени дәстүрін қол­дау. «Тіл бірлігі» деп аталатын шараға Қазақ­с­тан ­халқы Ассамблеясының, Қазақстан Жазу­шылар одағының, республикалық және қа­ла­лық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, рес­пуб­ликалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жо­ба­сының жеңімпаздары қатысты. Халықаралық ана тілі күні аясындағы шара қатысушыларының ал­дын­да Қазақстан халқы Ассамблеясы Тө­­рағасының орынбасары Л.Питаленко, Әде­би­ет және өнер институтының директоры У.Қалижанов, Халықаралық «Қазақ тілі» қо­ға­мының төрағасы Ө.Айтбаев, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мұражайларының директоры Ә.Қайырбеков, қоғам қайраткері А.Осман, Ал­ма­­ты қаласы тілдерді дамыту басқармасының бө­­лім жетекшісі Б.Қалымбет сөз сөйлеп, тілді мең­­геру мен білудің, қасиеті мен сақтаудың ма­ңы­зы туралы айтты. «Қоғамдық келісім» РММ директорының орын­басары Т.Жақиянов республикалық «Мың бал­а» мәдени-ағартушылық жобасының аясында өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп бе­ріп, биылғы жылы орындалуы тиіс жоспардың мақ­саты мен міндеті туралы әңгімеледі. «Мың ба­ла» жобасының 2016 жылғы жеңімпаздары мен оларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пән­дерінің мұғалімдерін алғыс хаттармен жә­не естелік сыйлықтармен марапаттады. Алматы қаласы бойынша жоба жеңімпазы атан­ған Туралы Мамедов өз сөзінде өскелең ұр­пақты мем­лекеттік тілді меңгеруге шақырды жә­не 2017 жыл­ғы «Мың бала» жобасының бас­талғаны жө­нін­де хабарлады. Сондай-ақ, этно­мәдени бір­лес­тіктердің жастары өз тілінде Тәу­ел­сіз­дік­тің 25 жылдығына арнаған авторлық өлең­де­рін оқы­ды. Аясына бірнеше шараны қамтыған Халық­ара­­лық ана тілі күніне арналған жиынның бі­рі бел­гілі жазушы-кинодраматург Смағұл Елу­бай­дың этномәдени бірлестік жастарымен өткізген кез­десуі болды. С.Елубай өзінің шы­ғар­­машылық жо­лы туралы әңгімелеп, тілдің арқасында ғана адам­дар өз ұлтының рухани бай мұ­расын сақтап, да­мыта алатынын айтты. Дәл осы күні Достық үйінде этномәдени бір­­лестік өкілдерінің қазақ тілін меңгеру дең­гейін «қазтест» жүйесі бойынша анықтайтын диагностикалық тестілеу жүргізілді. Шараға әртүрлі этномәдени бірлестіктен 170-тен астам өкіл қатысты. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ