• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Ауыл кооперативтерін құруға не кедергі?

268 рет
көрсетілді

Кезінде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлы «кооператив» деген сөзге «б­ір­і­гіп әдіс қылу, бір одақтас, бір қостас, бір оттас, құрдас болу» деп анық­та­ма берген. Қазақ әу бастан «төртеу түгел болса төбедегі келеді, ал­тау ала бол­са ауыздағы кетеді», деп бірлікке үндеген. Ұлы Абай болса «бі­ріңді, қа­зақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп пысықтаған. Өткен ға­сыр­да­ғы же­ке­шелендіру саясаты кезінде колхоз-совхоздар ыдырап, мал-мү­ліктің бөлініп бе­р­ілуі мен пай үлесі нәтижесінде біреулер ұтқан, ен­ді біреулер ұтылған ұсақ мен­шік иелері пайда болды. Араларында мем­лекеттік бағ­дарламалар арқылы же­ңілдетілген несиелер арқылы байып, ау­қат­танғандары да жеткілікті. Алайда, ауыл халқының тұрмыс дең­ге­йі біркелкі деп айтуға да келмейтіні ақи­қат. Бар малын базарға шығарып, пұлдап жүр­ген шаруа қожалықтары болмаса, кө­бісі алдындағы азын-аулақ тұяқтысын кө­бейте алмай әуре. Пай үлесіне алған егіс­тік алқабын техникалары жоқтықтан иге­ре алмай отырғандар қаншама! Бір кездері мал шаруашылығын өр­кен­детуде атағы алысқа кеткен Қазақ­стан­ның бүгінгі таңда ет, сүт өнімдерін шет ел­ден тасымалдауы, әрине, мақтанарлық әре­кетке жатпайды. Сондықтан, осының бә­рін саралаған Елбасымыз дәстүрлі саланы қай­та өрлетіп, бес жыл ішінде 500 мыңнан ас­там үй шаруашылықтары мен шағын фер­­­мерлерді кооперативтерге тартуға мүм­­­­кіндік беретін жағдай жасау керек деп талап қойып отыр. Кооперативтер құ­­­ра отырып өнімнің өңдеу сапасын жақ­сар­­тып, тауарларды сақтаудың және өт­кі­зу­­­дің тиімді жүйесін құрып, 2021 жылға қа­­­рай азық-түлік экспортын 40 пайызға кө­­­бейту міндеті алға қойылған. Өткен жылы күшіне енген «Ауыл­ша­руа­шылық кооперативтері туралы» заң­ды іс жүзіне асыруда әр аймақта іс-ша­ралар жүргізілуде. Айталық, Талас жә­не Сарысу аудандарында кооперативке бі­рі­­г­еміз деп жатқан шаруа қожалықтары жоқ емес, бар. Жергілікті биліктегілердің мә­­лімдеулеріне қарағанда, Таласта 2 коопе­ратив құжаттары әділет органдарын­да ресімделуде. Сарысуда да сол шамада. Шынтуайтында, кооперативтерге бі­рігу, ең алдымен, ауылдардағы жаңа жұ­­­мыс орындарын ашуға мүмкіндік әпе­ре­­ді және экологиялық таза өнімдер шы­­­ғаруға мүмкіндік туады, үшіншіден, ауыл­­дан қалаға көшу үдерісіне тосқауыл қой­ылады деп топшылайды ғалымдар. Әри­­не, бұл болжамдар құлаққа ене­ді. Біз­дің зерттеуіміз өзгешелеу. «Сы­баға», «Құ­лан», «Асық», «Ырыс» бағ­дар­ла­ма­ла­ры арқылы әл-ауқатын көтеріп алған ірі шаруа қожалықтарының бірігуге құ­лық­тары жоқ. Ал елді мекендердегі үй шаруашылықтары ол «байлармен» бі­рі­гу­ге құлықсыздау. Жасыратыны жоқ, же­ке­шілендіреміз деп біз жастарды жал­қаулыққа бейімдеп алдық па деймін. Кө­бі­нің үйден ұзап, маңдай терін төгіп ең­бек еткісі келмейді. Ұрлық-қарлықтың да бір жағынан белең алып тұрғаны содан бо­луы мүмкін. Енді не істемек керек? Заң, әрине, бі­рі­­гіп еңбек етіп, өнім өндіріп, оны өт­кі­зуге алғышарттар жасап отыр. Алай­да, құрылғалы жатқан коопе­ра­тив­тер­дің материалдық-техникалық ба­за­ла­рын нығайтумен қатар, ең алды­мен, мал жайылымдықтары мен ша­бын­дық­­­тарының мәселесін шешкен дұрыс па деймін. Көріп отырғанымыздай, Мойын­құмдағы жайылымның дені орман және аң шаруашылығы меке­ме­сі­нің қа­рауына өтіп кеткен. Онда бү­гінгі таңда ақы­ға жүздеген шаруа қо­жа­лықтары малда­рын қыстатады. Жаз жай­ылымдықтың да жай-күйі соған ұқ­сас. Ертең мал өсіремін, шөп орамын, егіс егемін деген кооперативтердің ты­ғырыққа тірелетіні айдан анық. Ең ал­ды­мен жергілікті атқарушы органдар осы мәселені түгендей алса жөн болар еді. «Жайылымдық туралы» заңда «жай­­ы­лым­­дық – мемлекеттік» делінген, демек әр кооперативтің әл-ауқатына қарай жай­ы­лым­ды реттеуге болатын шығар. Со­дан кей­ін Елбасы өз Жолдауында жер­ді пайда­лану тиімділігін арттыру мақсатында суармалы егіс алқабын 5 жыл ішінде 40 пайызға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жет­кізу қажет, деді. Естуімше, биылғы жыл­дың өзінде 600 мың гектар суармалы алқап жүйесі қалпына келтірілмек. Олай болған күнде Ақкөл, Ойық, Жиембет су жүйелеріндегі тозған алқаптарды қайтып қалпына келтіруді кезең-кезеңімен жүзеге асырып, кооперативтердің иелігіне бөліп берсе жөн болар еді. Содан кейін кооперативтерді өнімі ер­тең өтетіндей бағытта ұйымдастырған жөн. Құр мал басын өсіріп, оның етін өт­кі­з­емін деу алысқа апармайды. Мысалы, Та­лас ауданындағы Тамды ауылындағы коопе­ративтер сүт, көкөніс өсірумен ай­налысса, оның пайдасы мол болмақ. Ір­ге­сін­де қала бар, өндіріс орындары бар де­ген­дей. Таулы аймақтар малмен қатар егіс алқаптарын игерумен айналысса кәне. Айта­лық, Сарысу ауданындағы Түркістан ауыл аймағы 10 мың гектар алқапқа арпа, би­дай, мақсары егіп, одан тесілі өнімдерін алып, жылдан-жылға бақуаттанып ке­леді. Түркістандықтардан жерінің құ­нар­лылығы жоғары Талас ауданының тау жо­та­с­ындағы шаруашылықтар туралы әзірге мақ­тана алмаймыз. Себебі, егіс алқабын иге­руге ол ауылдарда техника жеткіліксіз. Әрине, нарық бәрін реттейді дегенді әзірг­е қоя тұру керек. Шүкір, қазір азық-тү­лік тұтынатын мекемелер жеткілікті. Эко­логиялық жағынан ең таза өнім шы­ғарып, «қазақстандық брендті» қа­лыптастырайық деп Елбасы ұдайы айтып жүр. Оны жүзеге асыратын өзіміз. Аллаға шүкір, биылдан бастап ауылда да, қалада да жаңа кәсіппен айналысамын деушілер 16 миллион теңгеге дейін не­­сие ала алады. Кооперативтерге де жасалатын жеңілдіктер қарастырылған. Егер ауыл­дағылар жеке бастарының қа­мын ой­ласа, медициналық әлеуметтік сақ­тан­ды­руға табысының бір бөлігін аударта ала­ды. Табыс және әлеуметтік салықтар да шешімін табады. Өмірінің соңына дей­ін зейнетақы жарнасын жинақтау мүм­кіндігіне ие болмақ. Үкімет, жергілікті ат­қарушы органдар кооперативтердің ая­ғынан қаз тұрып кетуі үшін 2-3 жыл суб­сидия төлеуді қалыптастырса ғана ол мәселелер шешімін табады. Сонда, ша­руа­лардың да сенімі артар еді. Қысқасы, кооперативке бірігу адам­дар­дың бір-біріне деген құрмет сезімін қа­лыптастырып күшті, тәрбиелі ұжым құ­руға мүмкіндік әперетінін, мейірім мен кі­­сілікке бастайтынын еске салғымыз ке­леді. Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Талас ауданының құрметті азаматы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы