• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Қысқы сессияға қатысты

172 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің хатшысы Икрам Адырбеков бастаған Қазақ­стан Парламентінің делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының Венада өткен Қысқы сессиясына қатысты. Деле­­гация құрамында сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Ал­ты­н­баев, Михаил Бортник, Ләззат Қиынов, Дулат Құсдәу­летов және Парламент Мәжілісінің депутаты Құралай Қаракен бар. Делегация Саяси мәселелер және қауіпсіздік, Экономикалық істер, ғылым, технология­лар және қоршаған орта, Демо­кратия, адам құқықтары және гума­ни­тарлық мәселелер жөніндегі жал­пы комитеттердің отырыстары аясындағы пікірсайыстарға белсенді қатысты. Халықаралық терроризм және ради­калданумен күрес, адам құқық­тары­ның сақталуы, климаттың өзгеруі күн тәр­тібіндегі негізгі мәселелер болды. Одан басқа, Минск келі­сім­деріне сәйкес, Украина төңі­регіндегі жағдайды реттеу­­дің келешегі, сондай-ақ ЕҚЫҰ ке­ңіс­ті­гіндегі басқа да текеті­рес­тер талқыланды. Экономикалық істер, ғылым, технологиялар және қор­шаған орта жөніндегі жалпы ко­митеттің отырысында ЕҚЫҰ Эко­номика-экологиялық коми­теті­нің төрағасы, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанын­дағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ-ның екінші өл­шемі жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарын парламент­шілер назарына ұсынды. Сенатор М.Бортник пен Мәжіліс депутаты Қ.Қаракен әс­кери-саяси және қауіпсіздіктің гума­нитарлық мәселелері жөнін­дегі пікірсайыста қауіпсіздікті нығай­тудағы ЕҚЫҰ-ның эконо­ми­­калық-экологиялық өлшем­дерінің маңызды рөлін атап өтті. Қ.Қаракен сондай-ақ, «елдер өзара тұрақты байланыстарға қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Эконо­микалық байланыс­тарды дамыту ЕҚЫҰ мен оның аясынан тыс жерлерде жалпыға бірдей қауіпсіздікті ілгерілету тұрғысында сенім мен ынтымақ­тастықты нығайтуға оң ықпал етеді», деді. М.Бортник өзі тарапынан «Қазақ­стан Еуразиялық эко­но­микалық одаққа бел­сен­ді қа­тысушы ретінде интегра­ция­лық бір­­лестіктермен және жеке­ле­­ген мемлекеттермен өз­ара тиім­­­ді ынты­мақтастық қа­­лып­тас­­­ты­­ру­­ға мүд­делі. Бұл тұр­ғыда Еуро­­­ода­қпен сауда-эко­но­­­­ми­­­­­ка­­­лық ынты­мақтастықты қа­­лып­­­т­ас­­­тырудың маңызы зор бо­­лып отыр», деп атап өтті. Ол, сон­­­­дай-ақ, Қазақстан «жасыл эко­­­­н­о­­­­миканы дамыту» мә­­с­е­­ле­­­­­лері­не баса назар аударып, «Жа­сыл көпір» әріптестік бағ­­­дар­­­­ла­­ма­сының әзірленуіне және Ас­­­та­н­ада «Болашақтың энер­­гия­­­­сы» та­қы­ры­бы бойынша ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көр­­ме­­сін өткізу ту­ралы шешім қа­был­­­­дануы­­на қол жеткізгенін айтты. Шара аясында парламент­тік деле­гация­­ның басшысы И.Адыр­беков ЕҚЫҰ ПА Төр­ағасы, Австрия Парламентінің депутаты Кристин Муттоненмен және ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтел­ломен екі­жақты кездесу өткізді. Тарап­тар Сириядағы шиеленіс жөнін­дегі Астанада өткен келіс­сөз­дердің нәтижелерін, Орта­лық Азия аймағы аясындағы ынты­­мақ­­тастықтың келешегін, украин дағ­­дарысын реттеу мәселелерін талқы­лады. К.Муттонен, атап айтқанда, теке­тірес­терді бейбіт реттеуді ілгерілету аясында Қазақ­­­станның тиімді бітімгер ретін­дегі маңызды рөлін атап өтті. Биылғы қаңтарда Президент Н.Назарбаев жария еткен конс­титу­циялық реформаға ерек­­ше назар аударылды. И.Адырбеков Парламенттің рөлін күшейту, Президент пен Парламент алдын­да Үкіметтің есеп­тілігін ұл­ғайту тура­лы бастамалар тура­лы хабардар етті. Ал­дағы уақыт­та Мем­лекет басшысының билік­тің өкілді және атқарушы тар­мақ­тарына 40-қа жуық міндеттерді беретіні күтіліп отыр. Делегацияның Ұлттық кеңес­тің Екінші президенті Карл-Хайнц Копфпен кез­десуінде Қазақ­стан мен Австрияның пар­ла­ментаралық байланыс­тарын дамыту келешегі тал­қыланды. Ол Қазақстан бас­­шы­сының бастамаларын «ма­ңыз­ды қадам әрі жақсы белгі» деп сипаттай отырып, демократияны дамыту – бірте-бірте қадам басатын әрі тұрақтылыққа зиян келтірмейтін үрдіс болуы керек екенін атап өтті. Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайту мәселелері талқыланып, энер­гетика саласындағы, әсіресе жаңар­тылатын энергия көздерін дамы­тудағы тәжірибесі көп авст­рия­лық фирмалар үшін Астана­да өтетін ЭКСПО-2017 халық­­аралық көрмесі зор мүмкіндік екені атап өтілді. Осыған байланысты Вена мен Астана арасындағы авиа­рейс­терді қалпына келтіру мәсе­лесі аса маңызды болып отыр. Қазақстан делегациясының басшысы Австрия Парламенті­нің басшысын көрмеге келуге шақырды. Тараптар халықаралық сала­дағы, атап айтқанда, миграция үдеріс­теріне байланысты кей­бір маңызды мәселелерді тал­қы­лап, оларды шешу жөнін­дегі ой­ларын ортаға салды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.