• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Шілде, 2017

Жағымды әсер беретін фильмдер

276 рет
көрсетілді

«ЕУРАЗИЯ-2017» халықаралық кинофестиваліне қатысушы режиссерлермен баспасөз мәслихаты өтті

Чаплин Синема (Meга Силк Уэй) кинотеатрында ұсынылған «Оралман» және «Біз» фильмдері режиссерлерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатын қазақ­стандық танымал режиссер Ермек Шынарбаев жүргізді. Моде­ратор «Оралман» картинасы тура­лы: «Қазақтардың қазіргі өмі­рін­дегі ең қиын проб­лемаларды ашық жеткізген қазақ­тың бірін­ші картинасы. Бұл – өте таңқалар­лық жағдай. Айта кетер­лігі, кей­бір режиссерлер картина плас­ти­касына аса мән бере қоймайды. Ал суретші ретінде Сәбит Құрманбек картинаны өте жақсы көрсете білген», деген пікір айтты.

Баспасөз мәслихатында ре­жис­сер­лер өздерінің экрандық туындылары туралы ойларын ортаға салды. Алғашқы болып сөз алған «Орал­ман» фильмінің режиссері Сәбит Құрманбек екі фильм арасын­дағы ұқсастық туралы былай деді: «Ең қызығы, менің картинам мен испан­дық фильмнің арасында көпте­ген ұқсастықты кездестіруге бола­ды. Неге дейсіз бе? Себебі, «Орал­ман» және «Біз» картиналары адам­­ға жағымды әсер бере ала­ды. Өз кейіп­кер­лерінің өте қиын жағ­дайын сурет­теп қана қой­май, мәселенің мәнін ашуға тырысады».

«Біз» фильмі туралы продюсер Тасио Овежеро: «Бұл туындыда біз жас буынды көрсетеміз. Түсірілім Испаниядағы ең маңыз­ды күн – бүкілхалықтық сайлау кезінде орын алады. Бұл оқиға өмірлерінде белгілі бір нәрсені өзгерту керек болып және нақты шешім қабылдауға бел буған бес дос жайында», – деп мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, ХІІІ халық­­ара­­лық «Еуразия-2017» кино­фес­­­тивалінің көрсетілімі 23 шіл­деде басталған болатын. Кеше негізгі конкурстық бағдарламаға қатысушы 13 картинаның 2-еуі көрер­менге ұсынылды. Олар: «Менің бақытты отба­сым» (Германия) және «Жалын ортасында» (Түркия) фильм­дері. Көрсетілімнен кейін көрермен­дерге авторлармен жеке тілдесіп, сұрақ қоюларына мүмкіндік туғызылды. Сонымен бірге 23 шілдеден бастап қысқаметрлі фильмдердің көрсетілімі де қатар өтуде. Байқау бес блокқа бөлінген, сынға 30 қысқаметрлі фильм қатыстырылып отыр. 

Негізгі байқауға қатысушы «Менің бақытты отбасым» фильмі­не келсек, орыс тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі Манана мен күйеуі,екі ержеткен баласы және күйеу баласы­мен бірге Тбилисиде, үш бөлмелі пәтерде 25 жылдан бері тұрып келеді. Өзі 52 жасқа толар алдындағы күні кенеттен отбасына үйден кететінін айтады.

Фильм режиссері Нана Эквти­миш­вили, 1978 жылы Тбили­сиде туған. Потсдам-Бабельсберг кино мектебінде драма және сахналық іс бойынша оқыған. Саймон Гросс­пен бірлесіп, «Полэйр фильм» студиясын құр­ған. Олардың «Гүл­дегенде» фильмі халықаралық кинофестивальдердің 30 шақты марапатына ие болған. Ал Саймон Гросс, 1976 жылы Берлинде туған. Мюнхен киномектебінде ре­жис­сура мамандығын оқыған. 2014 жылы Нана Эквтимишвили екеуі­нің фильмі Грузиядан Америка кино­академиясына шет тіліндегі ең үздік фильм жүлдесіне ұсынылған.  «Жалын ортасында» фильмін­де Хасрет түс көруден шаршайды. Күнде таңертең ол қорқынышты түс­тен шошып оянады және оны «Әке-шешесі осыдан жиырма жыл бұрын шынымен автокөлік апатынан қайтыс болды ма?» деген ой мазалай береді.

Фильм режиссері Джейлан Озгюн Озчелик, 1980 жылы Ризеде туған. Мармар универ­сите­тінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған ол бүгінде – телеарнада жазушы-сценарист, радиостансада ди-джей, теле­шоу­лардың жүргізушісі әрі киносыншы.

Қаршыға КҮЛЕН