• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Наурыз, 2018

Сенат заңнамаға халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

240 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. Сенаторлар Қазақстан мен Беларусь үкіметтерінің арасындағы 1997 жылғы 11 сәуірдегі Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан мен Беларусь арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

 

          Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

2016 жылғы 16 наурызда Минскіде қол қойылған Хаттама салық төлеуден жалтаруға жол бермеу және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі елдің салықтық құрылымдарының ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді.

Құжатпен қолданыстағы заңнамаға сәйкес Келісім қолданылатын салықтардың атаулары нақтыланды. «Тұрақты мекеме» деген термин барлау жүргізудің бірінші күнінен бастап табиғи ресурстарды барлаудан түсетін табыстарға салық салуға мүмкіндік беретін мәтінде жазылды. Одан басқа, еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде жекелеген табыстарға пайыздар, роялти, құн өсімі бөлігінде салық салу мәселелерін қайта қарауға байланысты өзгерістер енгізілді.

Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.

Құжат Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауларында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасының мақсаттары: халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру; халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және электрондық еңбек биржасының бірыңғай онлайн-тұғырманасын құру; халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік органдардың міндеттерін бөлу болып табылады.

Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілетін болды.

Бюджет кодексіне республикалық бюджет туралы заң жобасына кезекті қаржы жылына жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін көтеру мөлшері туралы ережені міндетті түрде енгізуді көздейтін толықтыру енгізілді.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан және өндірістік ішкі оқудан өткендер саны туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға беру жөніндегі міндеттемені орындамағаны үшін жұмыс берушілерге жауапкершілігін көздейтін ереже алынып тасталды.

Еңбек кодексіне медицина саласы қызметкерлеріне қоса атқаратын жұмысқа тыйым салмауды; зейнет жасына жеткен жұмысшыға жұмыс берушінің еңбек қатынастарын тоқтататыны туралы хабардар етуді; ауысым соңында жұмысшының куәландырудан өтуі туралы міндеттемесін алып тастауды; жаңа ұжымдық шарт жасасқанға дейін ұжымдық шартты ұзарту арқылы қолдану тәжірибесін жақсартуды көздейтін түзету енгізілетін болды.

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңға енгізілген түзетулер бойынша Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер заңды тұлға болмайынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарын ұйымдастыру-құқықтық мемлекеттік мекемелер тұрпатынан шаруашылық жүргізу құқығына ие мемлекеттік кәсіпорын сипатына көшіруді, сондай-ақ олардың жұмыссыздарға көрсететін қызметін бюджет қаржысы есебінен қаржыландыруды көздейтін түзетулер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға енгізілді.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қоныс аударушылардың отбасыларын ғана емес, жекелеген, оның ішінде некеде тұрмаған көшіп келушілерді де мемлекеттік қолдау шараларына қосуға бағытталған түзетулер енгізілді. Сондай-ақ этникалық қазақтарға оралман мәртебесін үш айдан көп болмайтын мерзімге ұзарту туралы бір мәрте өтініш беруге құқық беретін өзгерістер енгізілді.

«Халықтың көші-қоны туралы» және «Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдары туралы» заңдарға Ұлттық экономика министрлігінің көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және көші-қон саласындағы мекемеаралық үйлестіру мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерін Ішкі істер министрлігіне беру жөніндегі түзетулер енгізілді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға енгізілетін өзгерістер:

Еңбек нарығының бірыңғай ақпарат базасын қамтитын электрондық ақпарат ресурсы ретінде «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет ресурсын құруды;

«Халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметі» ұғымын енгізуді;

Халықты жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті органға аутсорсинг қызметін ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін; халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметін көрсетуге қатысуға талаптанатын жұмыспен қамту саласындағы жеке агенттіктерге қойылатын біліктілік талаптарын; халықты жұмыспен қамту саласындағы бюджет қаржысы есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесі мен тарифтер деңгейінің шегін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет беруді;

Жергілікті атқарушы органдарға халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бақылау міндеттерін беруді;

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке орталықтарымен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасу құқықтарын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асыру барысына мониторинг жаау және бақылау міндетін беруді көздейді. 

Сондай-ақ жұмыссыздарды тіркеу рәсімдері оңайлатылған, студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін жазғы демалыс кезеңінде ғана емес, сабақтан бос кезде де және басқа да уақыттарда да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.

Заң жобасын қолдап сөз алған сенатор Мұрат Бақтиярұлы жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді атап көрсетті. Ол әлеуметтік қорғау органдарында тіркелмеген өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғандардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Депутаттың пікірінше, егер тіркелмеген, өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғандарды есептейтін болсақ, онда жұмыссыздық деңгейі 4,9 емес 17,7 пайыз болып шығады. Сенаторды жұмыспен қамту органдары қаржыландырған курстарды бітірген азаматтардың жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігі де алаңдатып отыр. 2017 жылы оқып шыққан 70 мың адамның 30 мыңнан астамы жұмысқа орналаспаған. Жоғары оқу орындарын бітірген түлектер туралы айтатын болсақ, 100 мың студенттің тек жартысына жуығы ғана мамандығы бойынша жұмыспен қамтылған. Сенатор азаматтарды оңтүстік өңірлерден еліміздің солтүстігіне қоныс аудару жөніндегі бағдарламаның да тиімсіз жүзеге асып жатқаны туралы айтты. Өткен жылы осы бағдарламаға бөлінген қаржыға (710 миллион теңге) небәрі 288 отбасы қоныс аударған.

Сенатор Дүйсенғазы Мусин Шығыс Қазақстан облысында болған су тасқынына байланысты сөз алып, туындаған төтенше жағдайға әріптестерінің назарын аударды. Ол зардап шеккен жандарға көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аудару туралы ұсыныс айтты. Сенаторлар Д.Мусиннің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Отырыс барысында сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді. Депутат Рысқали Әбдікеров «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мамандар тізімін көбейту және қаржыландыруды ұлғайту туралы; Талғат Мұсабаев ғарыш саласында қалыптасқан өзекті мәселелер туралы; Әбдәлі Нұралиев Жамбыл облысындағы Талас өзеніндегі су тазалау құрылыстары туралы; Әли Бектаев ұлттық телекоммуникация операторы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Kcell компаниясының акцияларын сатып алуына қатысты сауал жолдады.