• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2011

Тұрақты даму тұғыры

348 рет
көрсетілді

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің бірде жоғары, бірде төмен болуына диқандар немесе Үкіметпен қатысты компаниялар толық кепілдік бермейді. Себебі, еліміз ауыл шаруашылығы саласы табиғат құбылыстарына көбірек тәуелді. Құрғақшылық пен түрлі табиғат кеселдері, жауын-шашын­ның молдығы мен ауа райының жайлылығы секілді факторлардың өнімнің көп, аз, сапалы сапасыз­дығына тікелей әсер ететіні түсі­нікті жәйт. Мысалы, өткен жыл еліміз және бүкіл әлем тарихында астық өндірісінің құлдырау жылы болды. Сол жаздағы құрғақшылық салдары Қазақстан астығына да салқынын тигізді. Нәтижесінде егіннің орташа көлемі көп жылғы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болды. 2010 жылы жаз ортасында ішкі рынокта баға тоннасына 120 доллар көлемінде болса, сол жылы тамызда бидай бағасы 200 АҚШ долларына дейін өсті. Сол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» холдингі, Астық одағы, Астық өңдеушілер одағы және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесе отырып, еліміздің барлық аймағын азық-түлікпен қамтамасыз ету ту­ра­лы меморандумға қол қойды. Ме­морандум бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың астық сақтайтын кәсіп­ор­ындарынан тоннасын 26500 теңге­ден бидай алып, ол сату, экс­порт­тауы, үшін пайдаланылды. Ма­ңыз­ды тапсырма әлеуметтік маңызды өнім – нанды, яғни, оның бағасын ұстап тұру, негізсіз көтермеу және астықты экспортқа бағыттау мақсатын көздеді. 2010 жылы астықтың рынок­тық бағасы тоннасына 40 мың теңге болды. Бөлке нан 45-50 теңге болды. Тіпті астық бағасы жетіспеу­шілік салдарынан тоннасына 52 мың теңгеге шыққанда да нан б­а­ғасы көтерілген жоқ. Бұл Азық-түлік келісім шарт корпора­ция­сы­ның 2010-2011 жылдарда атқарған басты жұмысы еді. Қазіргі уақытта еліміздің батыс және оңтүстік-шығыс аймақт­а­рын­да жүргізіліп жатқан жиын-терін жұмыстарына және жаңа астықтың түсуіне байланысты еліміздің ай­­мақтарын азықтық бидаймен қам­тамасыз ету туралы меморандум аясында жасалған астық босату науқаны аяқталды. Үкімет шешімімен елімізде әл­еу­меттік-кәсіпкерлік корпора­ция­ны (Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы) қаржыландыру тетігі мақұлданды, бұл аймақтық азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорларын құру үшін аса маңызды. Аймақтық азық-түлік тауарла­рын тұрақтандыру қорларын құру тікелей Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің бастамасы. Тұрақ­тан­дыру қорларын құрудағы мақсат азық-түліктің негізгі түрлеріне (кар­топ, пияз, сәбіз, күріш, қант, май) науқандық және жасанды жол­мен бағаны өсіргендерге қарсы тосқауыл қою. Ол еліміздің барлық облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында құрылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­ра­цияның бұл бағыттағы мақсаты азық-түліктің қосымша қорын тұ­рақты түрде қамтамасыз ету ар­қы­лы азық-түлік тұрақтылығын арт­тыру шараларын жүзеге асыру болып табылады. Азық-түлік тізімдері мен олардың орын алған на­рық жағдайына тәуелділігі облыс­тық әкімдік құрған комиссия шешімімен анықталады. Бұл шешімдер астық өнімдері бағасының құ­былмалы кезеңінде халықтың әл-ауқатының жақсаруына және тұр­мыс-тіршілігінің қалыпқа түсіп, алаңсыз өмір кешуіне зор ықпал еткені даусыз. «Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы» АҚ тек астық өнім­дерімен ғана айналысып отырған жоқ. Үкіметтің 2005 жылғы 19 та­мыздағы «Тоқыма өнеркәсібі» қа­натқақты кластерін дамытудың кей­бір мәселелері туралы» қаулы­сына сәйкес, жарғылық капиталға «Азық-түлік келісім-шарт корпо­рациясы» АҚ-тың 100% қатысуы­мен «Мақта келісім-шарт корпора­циясы» АҚ құрылған болатын. Ком­пания республиканың мақта өңдеу өнеркәсібін дамыту және тоқыма өнеркәсібін тұрақты түрде мақта талшығымен қамтамасыз ету стратегиялық бағыттарын міндетіне алған. Бұл Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының еншілес компаниясы. Мақта талшығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, компания халықаралық стандарттарға жауап беретін қазіргі заманғы техноло­гия­ларды енгізуге күш салуда. Кәсіпорын жоғары технологиялармен жабдықталған, уақыт талап­та­р­ына жауап бере алатындай өн­діріс орны болып қалыптасқан. Жаңа зауытты құрудың өзі бағаны тұрақтандыру, жаңа жұмыс орын­дарын құру, ауыл шаруашылығына инвестициялар тарту, тұрақты баға қалыптастыру, мемлекеттік акциялар пакетіне түсетін дивидендтерді арттыру сынды нақты мәселелерді шешуге бағытталған еді. Сонымен қатар, кәсіпорынның жұмыс істеуі мақта саласындағы тауар өндіру­шілердің, өңдеушілердің мате­ри­алдық-техникалық ресурстарға деген сұраныстарын арттырып, басқа да салалардың дамуына ықпал жасайды. Осы жобаларды орындау барысында қазіргі заман талап­тарына жауап беретін, қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрай­тын жаңа мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Мақта өндірілетін басты өңір Оңтүстік Қазақстан облысы бол­ғандықтан, осы облыста мақта-то­­қыма кластерін одан әрі дамыту мақ­сатында «ҚазАгро» ұлттық хол­дингі» АҚ басқарма төрағасы­ның 2007 жылғы 6 наурыздағы шешімімен «Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы» АҚ ұсынған 4 инвес­тициялық жоба мақұлданды. Олар: сортты мақта тұқымдары өндіріс бойынша зауытының құ­ры­лысы; Майэкстракциялық зауыт құры­лысы; Оңтүстік Қазақстан об­лы­сында машина-технологиялық жә­не жөндеу бекетін құру; мақта талшығын терең өңдеу бойынша фабрика құрылысы. Тағы бір айта кетерлік жәйт, «Мақта саласын дамыту туралы» заңның 15-бабына сәйкес шитті мақтаны мақта талшығына жал­ғас­ты қайта өңдеумен айналысатын мақта өңдеу ұйымдарына басқа кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады. Сондықтан 2007 жыл­дың 20 тамызында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің хаттама шешімімен «Қазақстан мақтасы» АҚ басқарушы компаниясы құрылды. Бұл компанияның жарғылық қо­рындағы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың үлесі 100% құрайды. «Азық-түлік келісім-шарт кор­порациясы» АҚ-тың ұстанған бас­ты бағыты – бұл баға тұрақтылығы мәселесі. Ел экономикасының тұ­рақ­ты дамуының кепілі де осы. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.