• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№19 сын-қатер

324 рет
көрсетілді

Этносаралық қақтығыстар қысымы мен қатерінің өсуі

Егемен мемлекет құрудың алғашқы жылдарында Қазақстан алдында этносаралық қатынастарды қамтамасыз етудің демократиялық тетіктерін құру міндеті өткір тұрды. КСРО-ның ыдырауы этностық шекаралар мен  ТМД-дағы этносаралық жанжал­дар­дың өсе түсуі жағдайында өтті. Этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау жас мемлекет үшін «өмір немесе өлім» мәселесіне айналды. Көптеген әлем­д­ік жетекші сарапшылар Қазақстанға Юго­сла­вия­ның тағдырын телігені кездейсоқ емес еді. Қазақстандағы қолайсыз этносаралық, этнодемографиялық және миграциялық үрдістердің басты себебі әлеуметтік-эко­номикалық сипаттағы қиындықтар болды. Сонымен бірге, кеңестік біртектілікті жоғалту тұрғысынан КСРО-ның құлауына қатты қайғырған тұрғындар бөлігінің этноұлттық және шовинистік көңіл күйі көрініс бере бастады. Бұл 1990 жылдың тамызында «Бірлік» қозғалысының құрылуынан және 1991 жылы ка­зачествоның «патшаға және отанға» қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыруға ұмтылған казактар ұйымдары белсенділігінен, сондай-ақ 1989 жылдың маусымы мен 1992 жылдың қазан-қараша айлары кезеңін қамтыған (Жаңаөзен, Қазансу, Ұзынағаш, Шығыс Қазақстан) әрекеттер мен басқа да жанжалдардан айқын аңғарылды. Аталған үрдістердің дамуы, этностық жанжалдар әлеуметтік-экономикалық реформалау үдерістері мен қоғамды демо­кратиялық дамытуға тосқауыл қоя алар еді. Бұл, өз кезегінде, этносаралық қаты­нас­тар са­ла­сындағы саясатты шұғыл қай­та қарау­ды талап етті. Бұған алғашқы қадам­дардың бірі 1989 жылдың қыр­күйе­гінде қазақ тілін мемлекеттік, ал орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп жариялаған «Тілдер туралы» Заңның қабылдануы болды. Қазақ, татар, неміс, корей және Қазақ­станның басқа да этностарының мәдени қайта жаңғыруы басталды. Тек 1990-1991 жыл­дары 482 қазақ балабақшасы, 155 жал­пы білім беретін мектеп ашылды. Республикада 49 этномәдени бірлестік құрылды. Этносаралық толеранттылық пен қо­ғамдық келісімнің қазақстандық моделі­нің негізі 1992 жылы Мемлекет басшысы эт­нос­аралық мәселелер бойынша қоғам­дық институт құру идеясын көтерген кезде қа­ланса, ол 1995 жылдың наурызында Президент жанындағы жаңа консуль­та­тивті-ке­ңесу органы – Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы құрылуымен жүзеге асып, оның ар­қауына этномәдени бірлес­тік­тердің де құрылуымен айшықталған мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптес­тігі қағидаты орнықтырылды. Ассамблеяға мына міндеттерді шешу мүмкін болды: Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеттері қайта жаң­ғыруы үдерістеріне өркениетті, құқықтық негіз қалау; осы үдерістерді мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету; этностық дамудың саясилануы ықтималдылы­ғының алдын алу; күн тәртібіне ұлттық-мемлекеттік біртектілік қалыптастыру мәселесін шығару. Тұтастай алғанда, Ассамблея құру этносаралық қатынастар проблемасын шешудің бір мезгілде жолы мен тетігі болса, ол 1990-шы жылдардың екінші жартысында нарықтық қайта құруларды табысты жүргізіп, елді дәйектілікпен және кезең-кезеңімен демократиялан­дыруға кірісуге жағдай туғызды.

Біздің бәріміз жай ғана тұрғындар емеспіз, біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз! Және адамға лайықты өмір жолын таңдаған, ұрпақтар алдында жауапкершілік алған өзіміздің мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленуге; бүгінде бүкіл әлем танитын республиканың қасиетті нышандары – Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды құрметтеуге тиістіміз. Нақ осы қазақ мемлекетінің патриотизмі республиканың, оны мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың басты тірегі болуы тиіс. Қазақстан халқы мынаған сенімді болулары керек: республика басшылығы ұлттық келісім саясатын нық қадаммен аяғына дейін жеткізіп, оны заңды негізге берік қоятын болады, қандай сылтаулармен болса да туындайтын өшпенділік отын жағуға мүмкіндік бермейді, деп өз тарапымнан мәлімдеуге тиіспін.

 Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан халқының форумында сөйлеген сөзінен.

Алматы қаласы, 1992 жылғы 16 желтоқсан.

Ұлттық бірлік доктринасы этносаралық келісімді айқындап, қазақстандық біртектілікті одан әрі қалыптастырудың өзекті құжаттарының бірі болып табылады. Бүгінде Ұлттық бірлік доктринасы бастысы Тәуелсіздік болып табылатын, негізінде ортақ құндылықтар жатқан Қазақстан қоғамын топтастырудың ұлттық бірлігі ретінде қарастырылады.