• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2018

Ыстанбұлда тікұшақ апатқа ұшырады

391 рет
көрсетілді

Ыстанбұл қаласындағы аудандардың бірінде тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Habertürk телеарнасы. 

Кеше Ыстанбұлдың Кадыкей ауданында жеке меншік тікұшақ құлады. Оқыс оқиға барысында 2 адам жарақаттанған. Төтенше жағдай орын алған жерге жедел-жәрдем келіп, жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді. 

Тікұшақ  Üniver Aviation жеке әуе компаниясына тіркелген. Бұған дейін дәл осындай тікұшақ Киевтің Гидропаркіне құлаған болатын.