• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2019

Алматы облысында 3 000 жас жігіт әскерге шақырылды

1043 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Биыл Отан алдындағы парызын өтеуге 1992 жылы және 2001 жылы аралығында дүниеге келген жас жігіттер шақырылуда.

Бүгінде Алматы облысын мекен еткен 18 бен 27 жас аралығындағы 3 мыңнан астам азаматтың қолына шақыру қағазы берілген. Олардың ішінен 2000 бозбала осы көктемгі шақырылымда әскер қатарына аттанады. Әскери бөлімге жөнелту 14 наурыздан басталмақ.

Осыған орай Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, подполковник Талғат Дәулетханов арнайы жиын өткізді. Жиында 2018 жылғы мерзімді әскерге шақырудың қорытындысы шығарылып, биылғы көктемгі әскерге шақыру барысындағы міндеттер мен талаптар талқыланды. Жиынға медицина және шақыру комиссиясының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының басшылары мен Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы және, басқа да жауапты органдардың өкілдері қатысты.

- Биыл Қорғаныс министрлігі қазақстандық армияны сапалы жасақтау талабын арттырды. Осыған сәйкес, әскерге шақыру жұмыстарын сапалы, әрі тиянақты жүргізуді басты назарда ұстау қажет. Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың денсаулығы мығым, физикалық дайындығы күшті, әрі ерік-жігерінің мықты болуы қатаң қадағалаймыз, - деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, подполковник Талғат Дәулетханов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы