• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2019

Арнайы мониторинг тобы Алматы облысын аралады

984 рет
көрсетілді

 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторинг тобының мүшелері Алматы облысына іс сапармен келді.

Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин бастаған топ Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы 24 - лицейге барып, «Адал ұрпақ» мектепішілік ерікті клубының жұмысымен танысты. Білім сапасы бойынша өңірдегі алдыңғы қатарда аталатын білім ордасында «IT Class» ашылған. Қонақтар осы сынып өнертапқыштарының жұмысын көріп, лицейдің жанынан құрылған «Толқын» шахмат клубында болды. Сондай-ақ, Арман Бердалин Өтеген батыр ауылындағы орталық аурухананың хал-ахуалымен танысты. Орталық ауруханада қазір цифрландыру үдерісі жолға қойылуда. Осы күні топ мүшелері аудандық Көші-қон қызметі орталығына барып, осы салада көрсетілетін қызметтің мерзімдерін қысқарту бойынша ұсыныс берді.

Арнайы мониторинг тобының мүшелері Қарасай ауданы да болды. Аудандағы Қаскелең мәдениет колледжінен басталған жұмыс сапары барысында болашақ қолөнер мамандарының «Саналы ұрпақ» студенттік клубында кездесу өтті. Өңірдің ғана емес, аймақтың мақтанышына айналған «Атамекен» тарихи-мәдени кешеніндегі жәдігерлер қонақтарды қызықтырды.

Осы сапары аясында агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин бастаған топ Қарасай ауданында өтіп жатқан «Аманат» қоғамдық сыйлығын табыс ету рәсіміне де қатысты. Жалпы адами құндылықтарды дәріптеу мен қайырымдылық жасаушыларды мадақтау мақсатында тағайындалған «Аманат» қоғамдық сыйлығы Жетісудың топжарған 3 азаматына табысталды. Олардың қатарында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шет тілдер педагогикалық колледжінің директоры Бақыт Шпекбаева, мемлекеттік қызметкер, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері, Алматы облыстық қазынашылық департаментінің бас маманы Айгүл Аязбаева және Қарасай ауданы әкімдігінің қызметкері Василий Тысиковтер бар.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы