• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2019

«Локомотив» стадионын күрделі жөндеуден өткіземіз - Қ.Көшербаев

1048 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қайсар» командамен кездесіп, жаңа ойын маусымында сәттілік тіледі.

- Сәуір айында орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, содан кейін «Локомотив» стадионын күрделі жөндеуден өткіземіз. Біз - үш кәсіби футбол лигасында өнер көрсететін командалары бар елдегі аз ғана облыстардың біріміз. «Қайсар» - Премьер лигада, «Байқоңыр» – бірінші лигада, «Қайсардың» жастар командасы - екінші лигада. Бұл жас футболшылар үшін кезең - кезеңімен ең беделді деңгейге көтерілу үлгісі, ал біз үшін - аймақтың басты командасы мен ел құрамасындағы жергілікті жігіттердің санын барынша арттыру мүмкіндігі, - деді облыс әкімі.

Былтыр «Қайсар» Қазақстан,чемпионатының қорытындысы бойынша 5-орынды иеленген болатын. Ал «Байқоңыр» командасы бірінші лига командалары арасындағы біріншілікте жақсы өнер көрсетті.

Кездесу барысында «Қайсар» ойыншыларының жаңа киім үлгісі таныстырылды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

  Қызылорда облысы