• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Үкімет 06 Наурыз, 2019

Премьер-Министр «КАМАЗ» компаниясының бас директорымен кездесу өткізді

689 рет
көрсетілді

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин  «КАМАЗ» компаниясының бас директоры Сергей Когогинмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан аумағында автомобильдер мен арнайы техника өндірісі бойынша компаниямен ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

С. Когогин ҚР Премьер-Министрін ҚР аумағында «КАМАЗ» Инжиниринг» бірлескен кәсіпорнымен автомобиль техникасын өндіру туралы ақпараттандырды. Өндірілетін өнім көлемін арттыру, жергіліктендіру деңгейін жоғарылату туралы келісімдерге қол жеткізілді.

А. Мамин ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) Қазақстанда «КАМАЗ»-дың жекелеген тораптары мен құрауыштарын шығару үшін өнеркәсіптік кооперация мәселелерін пысықтауды тапсырды.

С. Когогин өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «КАМАЗ» компаниялар тобының қазақстандық әріптестерінің қатысуымен осы өндіріске қаражат инвестициялауға ниетті екенін хабарлады.  

«КАМАЗ» компаниялар тобы — Ресей Федерациясының ірі автомобиль корпорациясы. Өндірістік қуаттылығы жылына 71 мың автомобильді құрайды. Ростех мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді. Технологиялық тізбек тобының құрамына автомобиль өндірісінің бірнеше ірі зауыттары кіреді.

2005 жылы «КАМАЗ» корпорациясы «КАМАЗ–Инжиниринг» ААҚ компаниясын құрды, онда акциялардың 25%-ы «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ тиесілі. Зауыттың жобалық қуаттылығы: жылына 1500 машина. 209 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.

Қазақстандық қамту үлесі: «КАМАЗ–Инжиниринг» АҚ өнімінде 30%-дан бастап (базалық модельдер) 48%-ға дейін (арнайы техника) құрайды.

Осы жылдары зауыт 114 млрд-тан астам теңгеге 12,5 мыңнан астам автокөлік және арнайы техника шығарды, олар бүгінде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында, сондай-ақ, күш құрылымдарында, жол құрылысында, ауыл шаруашылығында және т.б.  пайдаланылуда.

Қазіргі таңда «КАМАЗ–Инжиниринг» АҚ КАМАЗ автокөліктерінің 50 түрін шығарады, онда шасси, жүкті өзі түсіргіш, ауыл шаруашылығы техникалары, тартқыштар, бортты және толық жетекті автомобильдер бар, және арнайы техниканың 35-тен аса түрін шығару мүмкіндігі бар: апатты-құтқару, вахталық, өрт сөндіру автомобильдері, автоцистерналар (қышқыл тасушы), автошеберханалар, автобитум тасушылар, кранды реттегіш құрылғысы бар бортты автомобильдер, дала моншасы, асхана т.б.