• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2019

ТЖД қызметкерлері нәзікжанды тыл ардагерлерін құттықтады

1016 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері мен еңбек сіңірген азаматтық қорғау ардагерлерін Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Департамент қызметкерлері ардагер М.Платонова мен Г.Родичтің үйіне барып, оларға сый-сияпат жасады. Сонымен қатар оларға жылы лебіздерін білдіріп, зор денсаулық тіледі. Ардагерлер өз кезегінде естеліктерімен бөлісіп, қызметкерлерге алғыстарын жаудырды.