• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2019

«Индустриальная Караганда» газетінің басшылығы ауысты

1163 рет
көрсетілді

«Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясы» ЖШС-нің басшылығы ауысты. Бұған дейін басылымды басқарып келген Владимир Рыжков зейнеткерлікке шықты.

Газеттің бас редакторы лауазымына Оксана Вячеславовна Мягких  тағайындалды. Ол 1979 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың және  Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. 2000 жылдан бері «Индустриальная Караганда» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істейді. 2010 жылдан бастап «Экспресс-К» республикалық газетінің облыс бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарып келді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды