• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Наурыз, 2019

Ұлттық экономика министрі ведомстводағы әйелдер қауымын құттықтады

925 рет
көрсетілді

Салтанатты жиын барысында министр өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен саламатты және білімді қоғам құрудағы әйелдердің айрықша рөлін атап өтті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Терең білім мен ерекше әлеует иесі бола отырып, сіздер кәсіби еңбектеріңізде тамаша табыстарға қол жеткізіп келесіздер. Халықтық дәстүрлерді нығайта, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін еңбек ете жүріп, сіздер Қазақстанның дамуы мен өрлеуіне маңызды үлес қосудасыздар», - деді министр.

Ведомство басшысы әйелдер қауымына денсаулық, игілік, отбасы бақытын және жұмыста табыс тіледі.