• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Наурыз, 2019

Юрий Перцух: «Бәсекелестік – тәжірибе мен тың күш береді»

465 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубы премьер-Лиганың алғашқы турында «Ақтөбе» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы кездесуде екінші таймның соңғы минуттарында алаңға шығып, елорда командасының төртінші голын соққан Юрий Перцух республикалық egemen.kz сайтының тілшісіне ойын соңында сұхбат берді. — Біз жаңа маусымға барынша тыңғылықты дайындалдық. Оны біз суперкубок үшін өткен ойында және бүгінгі сенімді жеңіс арқылы көрсете алдық. — «Ақтөбеге» қарсы ойын қандай әсер қалдырды? — Мен ойынның басым бөлігін алаң жиегінен тамашаладым.Маған ақтөбеліктердің қалай допқа иелік еткендері ұнады. — «Астана» сапындағы жоғары бәсекелестіктен қорықпайсыз ба? — Бәсекелестік – әрқашан тәжірибе мен күш береді. Бұл маған көмектеседі деп ойлаймын. — «Атырау» сапындағы маусым пайдалы болды дей аласыз ба? — Иә. Бірінші кезекте мен ол жақта барынша көп алаңға шығып, ойын тәжірибесін иемдендім. — Виктор Кумыков Сізге қандай ақыл-кеңес айтты? — Біз ол кісімен өте жақсы жағдайда қоштастық. Бір-бірімізге сәттілік тіледік. — Наурыз айының соңында Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Шотландия мен Ресей құрамаларына қарсы ойын өткізеді.Тәжірибелі қарсыластарға қарсы кездесулерде біздің құраманың ұпай еншілеу мүмкіндігін қалай бағалайсыз? — Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ, біз бұл кездесулерде лайықты нәтижеге жету үшін барымызды салатын боламыз. — Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Михал Билек туралы не айтасыз? — Маған барлығы ұнады. Ол өте жақсы маман. Барлығын алдағы ойындар көрсетеді. Дегенмен, алғашқы ойыннан кейін ол маған мықты еуропалық бапкер ретінде көрінді. — «Астанаға» чемпиондық атақты қорғау қаншалықты қиын болмақ? — Барлығын маусым көрсетеді. Еске сала кетейік, «Астана» футбол клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ».