• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Желтоқсан, 2019

«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті

257 рет
көрсетілді

«Дегдар» қайырымды­лық қоры және «Қазақ­концерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымы Нұр-Сұлтан қаласында «Таң­ғажайып әуен» фес­тивалі аясында қайы­рымдылық концертін өткізді.

Кеште балаларды қолдауға арналған оперетта мен мю­зиклдердің танымал ариялары шырқалды. Дариға Назарбаева, Медет Шотабаев, Мейір Байнеш, Әлфия Кәрі­мова, Азат Мәлік, Азамат Жыл­тыркөзов, мемлекеттік «FORTE TRIO» триосы, «Ас­тана Опера» театрының сим­фониялық оркестрі мен хоры, дирижер Абзал Мұ­хитдинов мей­мандарға мере­келік көңіл күй сыйлады. Кешті театр және кино актері Шың­ғыс Капин жүргізді.

Қор директоры Лаура Ахметова көрермендерге ар­­наған сөзінде көмек көр­сеткендерге алғысын біл­діріп, қайырымдылыққа арналған қаржының қайда жұм­са­латынын айтты: «Өткен жылы фестиваль аясында 52 миллион теңге қаражат жиналып, төрт ауылдық балалар үйі арасында бөлінген болатын. Онда 209 бала қамтылды. Биыл 315 баланы қамтуды жос­парлап отырмыз. Фестиваль аясында жиналған барлық қаражат ауылдық жерлердегі балалар үйлерін жабдықтауға ба­ғытталады. Қаражат жинау әлі де жалғасып отыр әрі қайы­рымдылық шарасына бәріміз де қатыса аламыз».

Биылғы қайырымдылық жинағы ауылдық жерлердегі төрт балалар үйінің мұқтажына жіберіледі. Олар Ақмола об­­­лысындағы балабақша-мек­­теп-интернаты,  Шығыс Қа­зақстан облысындағы №8 балалар үйі, Қарағанды об­лы­сындағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Литвинск мектеп-интернаты және Қостанай облысындағы орталық жүйке жүйесі ор­га­никалық зақымдалған және психикасы бұзылған ба­лаларға арналған Рудный ма­мандандырылған балалар үйі.

Қаражат сонымен қатар ерекше актерлер театрының жұмысын қолдауға бағыт­талатын болады.