• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2020

Атырау: 50 адамға ыстық тамақ жеткізді

225 рет
көрсетілді

Жылыой ауданындағы кәсіпорын «Вirgemiz» қайырымдылық акциясы аясында 50 мұқтаж адамға ыстық тамақ жеткізіп беруді қолға алды.  

-Акция аясында егде адамдардың көшеге шықпауына көңіл бөліп отырмыз. Жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекті күшейттік. Александр Прокопец басқаратын  «Сaspian Offshore Construction Realty» ЖШС-нің демеушілігімен 50 жалғызбасты егде адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жанға ыстық тамақ үйлеріне жеткізіліп отырады. Бұл көмек төтенше жағдай аяқталғанша жалғаспақ. Яғни, демеушілер осы кезеңде осынша мұқтаж адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Шакиров.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ