• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Ақпан, 2021

Конькимен жүгіруден әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?

82 рет
көрсетілді

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңдері аяқталып, ақпан айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алғандар тізімі анықталды. Херенвен айдынында сынға түсетіндер қатарында сегіз қазақстандық спортшы бар деп жазады Olympic.kz.

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапынан төмендегі спортшылар әлем чемпионатында бақ сынайды:

Надежда Морозова (1500 м, 3000 м, 5000 м, масс старт);

Екатерина Айдова (500 м, 1000 м, 1500 м); 

Виталий Щиголев (1500 м, командалық жарыс);

Дмитрий Морозов (масс-старт, командалық жарыс);

Роман Креч (500 м, 1000 м);

Демьян Гаврилов (1500 м, командалық жарыс);

Бақдәулет Сағатов (масс старт);

Артур Галиев (1000 м).

Конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты 11-14 ақпан аралығында Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді.