«Қазгидромет» 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz
«Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі», делінген ақпаратта.