• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Дерек пен дәйек

571 рет
көрсетілді

272 000 000 000 Өңір халқын ауыз сумен қамту бағдарламасына осыншама теңге қажет Өңірдегі коммуналдық құры­лым­дар бойынша жылумен қамту – 63, электрмен қамту – 70, ауыз су­мен қамту 64 пайызды құрайды. 2011-2020 жылдары ауыз сумен қам­тамасыз ету бағдарламасының жо­басын жасау қолға алынса, қа­жет­­ті қаржының 77 пайызы жеке құ­рылымдар есебінен жабылатын болып отыр. Алдағы жылдан қолға алы­на­тын бағдарламада коммуналдық желі­лер­ді ауыстыру мен жөндеу жұмыс­тарына барынша көңіл бөлінбекші. Сондай-ақ ауылдық және қалалық сумен қамту жүйе­лерін тексеру мә­се­лесіне де назар аударылған. Бағ­дарламаны жүзеге асыру үшін 272 млрд. теңге қаржы қажет болса, ол бюд­жет пен ин­вестициялық тариф, тағы басқа көздерден жинақталмақшы. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * * 308 000 000 Ақмола облысында ұйымдастырылған 286 жәрмеңкеде осынша теңгенің жергілікті тауары төмен бағамен сатылды Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас­ты­ғы Марат Қойшыбаевтың ай­туын­ша, тұ­тыну рыногындағы баға­ның не­гіз­сіз көтерілуіне жол бермеу мақ­са­тында құрылған штаб қайта өң­деу, сауда ұйым­дары басшылары­мен 90-ға жуық мәжіліс өткізіп, 248 меморандумға қол қойылған. Қазір 7000-нан астам сауда кәсіпорын­дары ха­лыққа қызмет көрсетуде. Жыл басынан есептегенде, жалпы тұтыну құнының индексі 103,8 пайызды құраған. Бұл – республикалық орта көрсеткіштен біршама төмен. Биылғы қуаң­шы­лық пен табиғаттың тосын құ­бы­лысы азық-түлік тауарларының бағасына айтарлықтай әсер ет­пейді. Өйткені, облыстың астыққа деген сұранысы 100 мың тоннаға тең болса, алқаптардан жиналған бидай одан асып түскен. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы. * * * 1 419 000 Ақтөбелік мал азығын дайындаушылар қысқа түсетін малға осыншама тонна пішен қорын жасап алды Бұл жылдық қажеттілікке шаққанда 120,6 пайыз құрайды. Бұған мал азығын дайындау­шы­ларға берілетін жанар-жағар майды жеңілдікпен бөлудің, нау­қан кезінде жоғары көрсеткішке жеткендерді ынталандыруға қар­жы қарастырудың істің нәтижелі аяқталуына ықпал еткені сөзсіз. Сөйтіп, көптеген аудандар жыл­дық тапсырманы асыра орын­да­ды. Сондай-ақ, облыста жем қорын жасау да назарда ұсталуда. Осы кезге дейін қажетті жемнің 70 пайызы құйылды. Бұл бағытта Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандары ыж­дағаттылық танытып отыр. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов үсті­міз­дегі жылғы 1 қарашаға дейін жемнің қысқа жететін мол қорын жасап алуға тапсырма берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.