• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының мәлімдемесі

521 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қырғыз Республикасындағы парламент сайлауының бейбіт өтуін қоштайды және елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім мүмкіндігінше жақын арада орнауына тілектес. Қырғызстандағы жағдай қайғылы оқиғалардың алғашқы күнінен-ақ ЕҚЫҰ Қазіргі төрағалығының назарында болып келеді. Осылайша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, АҚШ Президенті Барак Обама және Ресей Президенті Дмитрий Медведев біріге отырып, Қырғызстандағы саяси ахуал мен азаматтық қақтығыстардың әрі қарай өршуіне жол бермеуге өз үлестерін қосты. Өз кезегінде жағдайдың тұрақталуына ЕҚЫҰ Қазіргі төрағалығы, БҰҰ Бас хатшылығы және Еуропа­лық Одақ дер кезінде және біріге қолұшын созып, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, Қазақстан Прези­ден­ті Н.Назарбаев өтпелі кезеңнің Президенті Р.Отун­баева­мен, Қырғызстанның басқа да  саяси көшбас­шыларымен кездесіп, сайлауалды кезеңіндегі жағдай­дың тұрақтылығына елеулі үлес қосты. Осының бар­лы­ғы әлемдік қоғамдастық пен халықаралық құры­лымдардың Қырғызстандағы қиын саяси дағдарыс жағ­дайында тиімді өзара ынтымақтастық үлгісін көрсетті. ЕҚЫҰ Қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан қырғыз халқының парламент сайлауында көрсеткен ұстамдылығы мен сабырлылығын жоғары бағалайды және елдің әрі қарай жасампаз дамуына негіз болатын Қырғыз Республикасының татулық пен келісімі сақталады деп сенеді. Біз қырғыз халқының таңдауына құрметпен қараймыз және саяси өмірдің дұрыс жолға түсуіне, тұрақтылықты қалыптастыруға, халықтың күнделікті әлеуметтік мәселелеріне, елдің экономикалық және демократиялық дамуына бағытталған күш-жігерімізді бірқалыпты ұстап отырамыз, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.