• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2016

Бала өмірін сақтап қалу – ең маңызды міндет

406 рет
көрсетілді

Астана қаласы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі балалар ұшырап жататын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша үнемі аумақтық іс-шаралар өткізіп келеді. Соның бірі – ағымдағы жылдың 29 наурызынан 4 сәуірге дейін жалғасатын «Абайлаңыз, жаяу жүргінші» шарасы. Шараның бірінші кезеңі «Қауіпсіздік селфиі» деп аталса, оған қалалық балалар үйінің бүлдіршіндері қатысты. Олардың салған сурет­терінде көлік жүр­гі­зушілеріне жол-көлік ереже­сін сақтауды сұраған көрі­­ністер орын алыпты. Солар­дың арасындағы мағы­насы терең әрі тартымды деген­­дері фотоға түсіріліп, бай­қауға жіберілген еді. Соның нәтижесінде үздік деп та­ныл­ған авторлар әртүрлі сый-сияпаттарға ие болды. Ал, кешегі «Думан» ойын-сауық кешені алдындағы алаң­да өткен шара акцияның екін­ші кезеңі саналады. «Жаяу жүргін­шілер» деп аталатын бұл ак­ция барысында Астана қала­сы ІІД Жер­гі­лікті полиция қыз­метінің қыз­­мет­керлері ең жас жаяу жүр­гіншілерге шағы­лыс­тырғыш элементтер – бел­деу­лер, бай­лам­дардағы бел­гі­ше­лер, біле­зіктер тарту етті. Психолог мамандардың айтуынша, балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай жолда болатын жағдайларды үнемі дұрыс бағалай ал­мауы мүмкін. Жолда жағдай не­ғұрлым күрделі болған сайын балалардың да ше­шім қа­былдауы жылдам бол­ға­нымен, ол дұрыс бола бер­мейтіндігін өмірдің өзі көр­сетіп келеді. Жыл басынан бері кәмелет жасқа тол­маған 14 бала жол-көлік жара­қатын алғандығымен бөліскен жергілікті полиция қызметінің инспекторы Айымгүл Валеева, балалар «туннелдік көз» сипатын ұстанатынын, тарқатып айт­қанда, тек көз ортасына түс­кен бейнені ғана көретінін ұмыт­пау керектігін, олай болса, ба­лаларға жол қауіпсіздік ере­жесін жастайынан бой­ларына сіңірген орынды екен­дігін алға тартты. Жолды тек жаяу жүр­гіншілерге арналған жерлерден ғана кесіп өту, ал түнгі немесе кешкі мезгілдерде ша­ғы­лыстырушы элементтері бар белгілерді тағып жүру сияқты пайдалы кеңестерді айту өз нәтижесін беріп келеді. Осы­лайша жыл басынан бері өткен жылдардың осы мерзімімен салыстырғанда, балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік жара­қатының саны 18 пайызға қысқарғандығы белгілі болып отыр. Елордадағы №70 мектеп лицейінің оқушысы Атажан Есназар өзінің бұл шараға қатысуын былайша түсіндірді: «Басты мақсат – жаяу жүргіншілерге жол жүру тәртібін қаперге салу. Қазіргі жылдамдыққа құрылған мына шақта асығыстық жасау өлімге ұшыратуы мүмкін. Олай болса, жол жүру мә­де­ниетін қалыптастыру жо­лында адам өмірін сақтап қа­лу – ең маңызды міндет». Жалпы, сарапшылар шағы­лыстырғыш элементтері бар жаяу жүргіншілерді жүр­гізушілер – жақын арақа­шық­тықта 50 метрден, ал алыс арақашықтықта 150 метр­ден байқай алатынын дә­лелдеген көрінеді. Бұл ретте көлік жарығына ша­ғы­­лысатын элементтері бар бел­гінің болмауынан жүр­гізу­шіге жаяу жүргінші тек 30 метр қашықтықтан ғана кө­рінеді дейді. Зерттеу­ші­лер қауіпсіздік талаптары ес­керілмегенде түңгі немесе кешкі мезгілде жаяу жүр­гін­шіні қағып кету оқиға­лары­ның тәуекелдері 5-6 есеге арта түсетінін дәлелдеп те қойыпты. Бұл тұрғыдан келгенде жергілікті полиция инспекторы Ләззат Бейсенбаева Еуропа елдерінде, әсіресе, мына көршілес Ресейде де балалардың шағылыстырушы белгілерді тақпай жүргені үшін ата-аналарына айыппұл салынатындығынан хабардар етті. Оның мәліметіне қарағанда, Ресейде осы үшін 500 рубль көлемінде айыппұл салады екен. Үшінші кезең – «Жаяу жүргінші, өткелмен жүр!» деп аталады. Іс-шара өткізілу барысында ең жас инспекторлар жасағы жол-көлік қауіпсіздігін қалай сақтау керектігін және жол өт­кел­дерінен дұрыс өту керектігін көрсететін болады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».