• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2016

Шошқа тұмауынан 71 адам қайтыс болды

360 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 сәуір. Бразилияда 2016 жылдың 1 қаңтар күнінен бүгінге дейін шошқа тұмауының асқынған түрінен 71 адам қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. H1N1 вирусынан көз жұмғандардың басым бөлігі Сан-Паулу штатының тұрғындары. Сондай-ақ, аталған кесел түрін Санта-Катарина, Баия, Минас-Жейрас штаттарының және Рио-де-Жанейро қаласының тұрғындары да жұқтырған. Бразилияның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, H1N1 респиратор синдромына 444 адам шалдыққан. Бұл көрсеткіш соңғы бір апта көлемінде 45 пайызға артты. Қазіргі кезде Сан-Паулу қаласының басшылығы шошқа тұмауына қарсы вакцина егуді бастады. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: insidetoronto.com.