• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2016

Тасымалдау тасқыны толастамайды

535 рет
көрсетілді

Жаһандық экономикалық дағдарыстың дами түсуінен энергия мен минералдық ресурстардың ірі тұтынушы елдерінің экономикасы рецессияға ұшырауы, негізгі энергия тасымалдағыштарға бағаның төмендеуі және сәйкесінше экспорттаушы елдер үшін қаржы түсімдері көлемінің азаюы Қазақстанның экономикасы мен өндірісіне кері әсерін тигізуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы қараша айындағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Қазақстанның экономикасына бүгінде бірқатар сыртқы факторлар кері әсер етуде, әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда. Жаһандық дағдарыс бізге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстардан ешкім де сақтандырылмаған» деп атап көрсетті. Алайда, жаһандық дағдарыстың күрделілігіне қарамастан, барлық компаниялар одан әрі өсуге ұмтылуы қажет және сыртқы дүниенің шақыруына сәйкес реформалар жүргізуі қажет. «ҚазТрансОйл» АҚ-та бұл орайда Елбасының Қазақстан халқына өткен жылғы қараша айындағы Жолдауында белгіленген дағдарысқа қарсы стратегияның негізгі жорамалдарын жүзеге асыру үшін қандай жұмыс атқарылуда екендігін осы компанияның бас директоры (басқарма төрағасы) Нұртас ШМАНОВ былайша әңгімелейді. – Нұртас Нұрыбекұлы, 2015 жыл Қазақстанның барлық өнді­рістік салалары, оның ішін­де мұнай-газ секторы үшін іс жүзінде оңай болған жоқ. Же­келей алғанда, Энергетика ми­нистрлігінің мәліметтері бо­йынша, 2015 жылы мұнай жә­не конденсат өндіру көлемі 79,46 млн. тонна құрады, бұл 2014 жылғы өндіру деңгейіне қатыс­тылығы жөнінде 98,3% құрайды. Сәйкесінше мұ­най тасымалдау көлемі де тө­мендеуде. Ком­панияның таяуда жарияланған қаржылық есеп­тілігіне сәйкес, ком­панияның шоғырландырылған таза пайдасы төмендеді. Компания қыз­­метінің өткен жылғы не­гізгі көрсеткіштері туралы то­лығырақ айтып өтсеңіз. – «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбыры бойынша еліміздің ұлттық операторы ретінде бұрынғыдай нарықта көшбасшы болып отыр, елімізде өндірілетін барлық мұнай көлемінің 50%-дан астамын тасымалдайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен қо­тарудың шоғырландырылған көлемі 61 млн. тонна құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 1,8 млн. тонна артық, бірақ 2014 жылғы ұқсас көрсеткіштен 3 миллион тоннаға азырақ. Осылайша мұ­найдың шоғырландырылған жүк айналымы 45,5 млрд. тонна шақырым құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 1,7 млрд. тонна шақырым жоғары және 2014 жылғы ұқсас көрсеткіштен 1,2 млрд. тонна шақырым ар­тық. Атырау және Маңғыстау облыстарының тұты­нушыларына су жеткізу көлемі – 2014 жылмен салыстырғанда 183 мың текше метрге артты. Тұтастай алғанда, біз өндірістік көрсеткіштердің негізгі жос­парларын орындап шықтық. Ал атқарған қызметтің қаржы­лық нәтижелеріне келетін болсақ, 2015 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза пайдасы 44,7 млрд. теңге құрады, бұл 2014 жылғы нәтижеден 3,7% төмен. Сонымен компанияның жекелеген таза пайдасы – 79,6 млрд. теңгеге едәуір өсіп, өткен жылғы нәтижеден 38%-ға жоғары болды. «ҚазТрансОйл» компаниялар тобы үшін табыстың негізгі факторлары мұнай тасымалдау және қызметтерге тарифтердің көлемі болып табылады. Бұл жағдайда тасымалданатын мұнай көлемінің төмендеуі тасымал айна­лымының кемуіне себеп бола алмайды, керісінше былтырғы жылдың қорытындысы бойынша өсім байқалуда. Мынаны айту маңызды, мұнайға әлем­дік бағалар біздің тарифтердің дең­гейіне әсер етпейді, өйткені, уәкілетті мемлекеттік орган бе­кіткен тарифтік әдістемеге сәй­кес, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың пайдалану шығындары тарифке әсер ететін негізгі фактор бо­лып та­былады. Олар негізгі құ­ралдардың құны, инвестициялар, қызметтер көлемі. Осылайша, мұнайға әлемдік бағалар есеп айырысу факторы ретінде тарифке қатыспайды. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының шо­ғырландырылған пайдасының төмендеуіне келетін бол­сақ, атал­ған жағдайда «Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС-дағы қар­­жы­лық нәтижелердің нашарлауы кері рөлін тигізді, бұл негізінен 2014-2015 жылдардағы ұлттық валю­таның құнсыз­дануына байланысты болды. – 2015 жылы алынған пай­даның негізінде халықтық инвесторлар қан­дай дивидендтер күтеді? – 2015 жылғы бір жай акция үшін есептегенде дивиденд сомасы мен мөлшері туралы шешім акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданатын болады. Жиналыс биылғы жылғы мамыр айында өтеді. 2014 жылғы жақсы қаржылық көрсеткіштердің арқасында біз 2015 жылы акционерлерге 46,4 миллиард теңге мөлшерінде жоғары дивидендтер немесе бір акцияға 120,7 теңге төлеуге қол жеткіздік. 2012-2014 жылдардың қорытындысы бойынша біз барлығы 117 миллиард теңгеден астам жалпы сомаға дивидендтер төледік. – Елбасы өзінің Жолдауын­да бюд­жет саясатын оңтай­ландыруға, мем­лекеттік табыс­тар мен шығыстар жүйесін қайта қарауға ерекше назар аударған. Бұл тапсырма тек мем­­лекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ, бюджеттің табыс бөлігін құрай­тын барлық ірі компанияларға да қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ сон­дай-ақ еліміз­дің ірі салық төлеуші ком­паниясы болып табылады. Же­ке шы­ғыстарды оңтайландыру үшін компания қандай шаралар қабыл­дауда? – Мынаны атап өткен жөн, «ҚазТрансОйл» АҚ шығындарды тиім­ді басқару бойынша жүйелі жұмысты бірнеше жылдан бері жүргізіп келеді. Жекелей алғанда, 2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-та шығындарды бас­қарудың бағдарламасы жасалып, бекітілді. Оның басты міндеті өндірістік, жалпы, әкімшілік және тарифтік емес шығыстарды оңтайландыруға бағыт­талған іс-шараларды жүзеге асыру есебінен шығындарды оң­тайландыру және одан әрі тиімді басқару болып табылады. Бағдарлама бес жылдық кезеңге арналып жасалған және жыл сайын бір жылға көкжиектің кеңеюімен жоспарлау өзектендіріледі. 2013-2015 жылдары барлығы, шы­ғындарды басқару бойынша іс-шаралар арқасында, 7,6 млрд. теңге мөлшерінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілді. 2016-2020 жылдарға шығын­дарды басқару бағдарламасы оңтайландыруды және өндіріске ресурстардың үлестік тұтынуын төмендету есебінен 23 млрд. теңгеден астам сомаға өндірістік шығыстарды қысқартуға және іске қосылмаған активтерді қыс­қартуға, сондай-ақ, тарифтік сме­таларға кірмейтін шығыстарды қысқартуды көздейді. Осы арада мынаны атап айту керек, «ҚазТрансОйл» АҚ 2016-2020 жылдарға бизнес-жоспар қалыптастыру кезінде 11 млрд. теңге сомаға жоспарланатын шығындарды қосымша қыс­қартты. Энергия үнемдеу және жылу мен электр энергиясының нор­мативтік-техникалық шығын­дарын төмендету бойынша ком­панияда жүргізілетін жұ­мыс­тар нақты жағдайда істеуде және бірнеше жылдан бері үнем­деудің жоғары нәтижелерін беруде. Сорғы стансаларында жұмыстың оңтайлы режімдері өндірістік филиал­дарға енгізілуі нәтижесінде біз электр энергиясын және газды тұтынуды едәуір қыс­қарттық. Мұнай айдауға электр энергиясының үлестік шығысы 2009 жылдан бастап 13,6%-ға – 2009 жылдан 2015 жылға дейін 5,44 мың кВт сағат/млн. тонна шақырымнан 4,7 мың кВт/млн. тонна шақырымға төмендеді. Газ тұтынудың динамикасы едәуір үнемдеуді көрсетіп отыр – 2009 жылы 165,3 млн. текше метрден 2015 жылы 127,4 млн. текше метрді құрады. 2009 жылдан бас­тап 2015 жыл аралығында энергия-ресурс үнемдеу саласында компанияда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде энергия ресурстарының негізгі түрлерін тұтыну 21%-дан астамға қысқартылды, және осы кезең ішінде мұнай тасымалдау жүк айналымы 6,13%-ға артты, су жеткізу көлемі 32,08%-ға ұлғайды. Ақшалай алғанда үнемдеу шамамен 7,2 млрд. теңге құрады. Қосымша мынаны атап айтқым келіп отыр, 2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы мемлекеттік бюджетке бағыттаған барлық салық және өзге аударымдар 41,6 млрд. теңгеден астам құрады, оның ішінде ҚТО бойынша жекелей алғанда – 29,3 млрд. теңге болды, бірлескен-бақыланатын ұйымдар бойынша – 12,3 млрд. теңге аударылды, бұл Елбасының өткен жылғы қараша айындағы Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз шығыстарды оңтайландыру кезінде магистралды мұнай құ­бырларын дамытуға және се­німді жағдайда күтіп ұстау­ға ба­ғытталған өзіміздің өнді­рістік бағдарламамызды қыс­қартпайтын болдық. Біз еліміздің энергетикалық қауіп­сіздігін қам­тамасыз етеміз және ішкі нарыққа және экспортқа мұнайды уақтылы әрі іркіліссіз тасымалдау бөлігіндегі мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындаудамыз. Осыған байланысты, аталған өндірістік шы­ғындарды үнемдеу біз үшін ерекше қымбатқа түседі және мемлекет имиджіне айтарлықтай залалын тигізуі мүмкін. 2015 жылы біз жалпы ұзындығы 175,6 шақырым мұнай құбырларының учаскелерін айырбастау бойынша барлық жоспарланған жұмыстарды атқардық. Жекелей алғанда, өткен жы­лы жүзеге асырылған ірі жобалардан, жалпы ұзындығы 102,6 шақырым «Туймазы – Омбы – Новосібір-2» (ТОН-2) магистралды мұнай құбырының қазақстандық учаскесінде құбырларды айырбастау жұмыстары жүргізілгенін атап айтқан жөн. ТОН-2 мұнай құбырын күрделі жөндеуді жүзеге асыру 2014 жылы басталған еді. Ол отандық мұнай өңдеу зауыттарына Батыс Қазақстанның мұнайын жеткізуді қамтамасыз ету және Омбы – Прииртышск – Атасу – Ала­шаңқай бағдары бойынша Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен Ресей мұнайын сенімді тасымалдау мақсатында жүргізілуде. 2016 жылы ТОН-2 мұнай құбырын жаңғырту аяқталады. Жоба шең­берінде барлығы 185,6 шақырым құбыр айырбасталады. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап «Қалам­қас – Қаражанбас – Ақтау» жә­не «Өзен – Жетібай – Ақтау» мұ­най құбырларын жаңғырту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Қазіргі кезде «Өзен – Жетібай – Ақтау» мұнай құ­бырын жаңғырту аяқталып, ол пайдалануға берілді. Тұтастай алғанда аталған мұнай құбырларын жаңғырту жобасы 2014-2017 жылдарға есептелген, ол Ақтаудан Атырау бағытына қарай Бозашы мұнайын сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін іске асырылуда. Бұдан басқа, 2015 жылы жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын «Павлодар – Шымкент» мұнай құбы­рының учаскелері айырбасталды. Атал­ған жұмыстар Қазақстан – Қытай құбыр жүйесін кеңейту шеңберінде жүргізілді, бұл «Павлодар – Шымкент» мұнай құбырының Жұмағалиев – Атасу учаскесінде жылына 17,8 млн. тоннаға дейін өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді. – Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында қойылған жаңа тапсырмаларды ескере отырып, компания ағымдағы жылы қандай жоспарларды атқармақ? – Үстіміздегі жылы «ҚазТрансОйл» АҚ 663 шақы­рымдық МАС-ты (мұнай айдау стан­сасын) жаңғыртудан және аталған объектіні кеңейтуден кейін пайдалануға тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба Қазақстан – Қытай мұнай құбырын кезең-кезеңімен кеңейтуді жүзеге асыру шеңберінде атқарылады. Бүгінгі таңда 663 шақырымдық МАС Өзен – Атырау магистралды мұнай құбырынан Атырау мұнай өңдеу зауытына түсетін Маңғыстау мұнайын жеткізуде. Мұнай тасымалдау 663 ша­қырымдық МАС – Атырау мұнай өң­деу зауыты мұнай құбыры бойынша жүргізілуде. Жаңғырту нәтижесінде ішкі нарыққа (Пав­лодар мұнай-химия зауыты және Шымкент мұнай өңдеу зауыты) және Қытайға экспортқа Атыраудан Батыс Қазақстанның мұнайын жеткізуді қамтамасыз ету үшін Кеңқияқ – Атырау (жұмыстың реверстік режімінде), сондай-ақ 663 шақырымдық МАС –  арқылы мұнайды айдауды іске асыру мүмкін болады. Біз биылғы жылдың үшінші тоқсанында жобаны жаңғыртуды аяқтауды көздеп отырмыз. 663 шақырымдық МАС-тың құры­лысымен қатар «Кеңқияқ» басты мұнай айдау стансасын жаңғырту жүргізіледі. Бұл Аты­раудан Батыс Қазақстан мұнайын «Кеңқияқ» басты мұнай айдау стан­сасына қабылдау көлемін ұл­ғайту үшін қажет, бірінші кезек шеңберінде – 6 млн. тоннаға дейін, екінші шеңберде – жылына 12 млн. тоннаға дейін, бұл Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры бойынша кейіннен тасымалдау үшін қажет. – Жолдауда айтылған жаңа әлеу­меттік саясат аясында жұ­мысшы кәсіп­терін игеруге жас­тарды тартуға, сондай-ақ Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын дамытуға ерекше назар аударылған, онда әрбір адам өзінің еңбегімен мемлекетке пайда тигізуі қажет делінген. Өндіріске жас­тарды тарту және адам ресурстарын дамыту саласында «ҚазТрансОйл» АҚ-та қандай жұмыстар жүргізілуде? – «ҚазТрансОйл» АҚ атқа­ратын басым істерінің тізіміндегі алғашқы орындардың бірін қызметкерлерді оқыту, біліктілік деңгейін арттыру алып отыр. Кәсіпорында еліміздегі жә­не шетелдердегі жоғары оқу орындарында, бейіндік колледждерде және компанияның оқу-курс комбинатында мақсатты даярлықтан және қайта даярлаудан өткен жүздеген жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Бұдан басқа адам ресурстарын дамыту және ынталандыру жүйесін енгізу «ҚазТрансОйл» АҚ дамуының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан да қызметкерлерді оқытуға барлық шы­ғындарды адам ресурстарын да­мытуға арналған ұзақ мерзімді инвес­тициялар ретінде қарастырамыз. 2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың көп­теген жұмыскерлері өздерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін қажетті бір­неше мәрте оқып-үйренуден өтті. Оқы­тудың жалпы саны 557 іс-шараны құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 36%-ға артық. Оқып-үйренуден өткен жұмыскерлердің жалпы санынан 65%-ы өндірістік қызметкерлер. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының едәуір бөлігі компанияның Батыс филиалындағы оқу-курс ком­бинатының негізінде жүргізіледі. Осы арада аталған оқу-курс комбинатын мұнай-газ секторында мамандар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ең таңдаулы бейіндік мекемелердің бірі деп толық айтуға болады. Біз өз қызметімізде жұ­мыс тиім­ділігін арттыруға бағыт­талған шара­ларды, әсіресе, қызметкерлерге қам­қорлық көрсетуді әрдайым назарда ұстаймыз. Осындай жұмыстың негізінде қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуына жағдай жасап, ұжымда тұрақтылықты қамтамасыз етеміз. Бұл және басқа қағидаттар «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өз ұжымы алдындағы әлеу­меттік жауапкершілігі, өзекті басым­дығы және адам ресурстарын басқару саласына бағытталған қызметі екендігі компанияның жаңартылған кадрлық саясатында белгіленген. Ол 2015-2019 жылдарға арналып қабылданған. Жекелей алғанда, бүгінгі күні компания­да кадрлық резерв қалыптастырылған, жастар саясаты жасалған. Біз өнді­рістен қол үзбей жұмыс орындарында оқытатын тәлімгерлік жүйесін кеңі­нен насихаттап, дамытамыз. Оны өз кезе­гінде ұжымда биік беделге ие маман­дығының майталманы атанған мол тәжірибелі жұмыскерлер жүргізеді. Бұл біздің жұмысымызда өте маңызды болып саналады, өйткені, теориялық жағынан білімді болуына қара­мастан, көптеген жұмыскерлер іс жүзінде біліктіліктің қыры мен сырына әбден қанығады. Бұдан басқа, жұмыс орындарында, өндірістен қол үзбей жыл сайын жұмысшыларды оқыту жүргізіліп келеді. Бұл біздің жұмысшылардың білім деңгейлерін қалыпты ұстауға және сәйкесінше деңгейін тереңдетуге өте қажет. Мынаны мақтанышпен айтқым келеді, біздің өндірістік объек­тілерде негізінен жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Олар озық технологиялармен және заманауи жабдықпен жұмыс істеуге машықтанған. Ком­панияда жоғары кәсіби мамандарды қашанда құрметтеу дәстүрге айнал­ған. Сонымен бірге, университет қабырғасында жүрген болашақ мамандарды өзімізге тартуға белсенді түрде айналысудамыз. Міне, он жылдан астам уақыттан бері компания «Жас маман» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Оған қатысушылар жеке және іскерлік нәтижесі бойынша кешенді талдау негізінде іріктеліп бейіндік жоғары оқу орындарының студенттері атанады. Жас мамандар «ҚазТрансОйл» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік объектілерінде өн­ді­рістік тәжірибеден өту­ге ұйға­рылған. Бейіндік маман­дық­тардың студенттеріне өн­ді­­рістік тәжірибеден өту кезінде таң­даған бейіні бойынша жұмыс орны ұсынылып, екінші разрядты жұмысшы мөлшерлемесі бойынша жалақы тағайындалады, сондай-ақ, тәуліктік шығындары төленеді. Тұрғылықты жерінен тәжірибе өту орнына дейін жолақысы да компания есебінен өтеледі. Әрбір студентке компанияның тәжірибелі жұмыскерлерінен жеке тәлім­гер бекітіледі. Біздің есігіміз әрдайым бейіндік студенттерге ғана емес, сондай-ақ, басқа мамандық иеле­ріне де ашық. Жыл сайын компания тәжірибеден өту үшін болашақ маман­дық иелерін оқытуға бейіндік кол­ледждер мен жоғары оқу орындарына жіберіп отырады. Тек 2015 жыл­дың өзінде ғана біздің өндірістік объектілерде 300-ден астам студент тәжірибеден өтті. Аталған объек­тілер Қазақстанның 11 облысында орналасқан. Міне, осыдан-ақ біздің даярлық орталықтарымыздың ауқымы қаншалықты кеңдігін білуге болады. – Жолдауда айтылған дағ­дарысқа қарсы басты стратегия – әрекет етудің мынадай үш бағытын – өсім, ре­фор­малар және дамытуды айқын­­дайды. Экономикалық өсімді қам­тамасыз ету және дағдарыстың осындай қиын-қыстау уақытында одан әрі дамуға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қосатын үлесі қандай? – Қорытындысында мынаны атап айтқым келіп отыр, «ҚазТрансОйл» АҚ қазіргі кезде барлық қажетті инфрақұрылымға ие, көмірсутегінің әлемдік нарығына Қазақстан мұнайын сенімді және іркіліссіз жеткізуді жүзеге асыру үшін тәжірибесі де, әлеуе­ті де жеткілікті. Компания өзі­­нің бүкіл қызметі кезеңінде мұ­найды тасымал­дау нарығында ұстанымын айтарлықтай күшей­тіп, қолданыстағы магистралды мұ­най құбырларын жаңғыртуды жә­не жетілдіруді жүр­гізді, мұ­най құбыр­ларының өткізу қабілеттілігін кеңейту бойынша жобаларды, сондай-ақ мұнай тасымалдау жүйелерін интеграциялауды және мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыруды жүзеге асырды. Сонымен бірге, біздің ең маңызды міндетіміз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақ­станның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау үшін ішкі мұнай құбырлары желісін дамы­ту болып табылады. Бұл бағытта «ҚазТрансОйл» АҚ ағымдағы активтерді ұстауға инвестиция­ларды жүзеге асырады, мұнай құбырларының желілік бөлігінің сенімділігін қамтамасыз етіп, сорғы стансаларының тиімділігін жоғарылатады. Қазір «ҚазТрансОйл» АҚ Қашағанда және Қазақстанның басқа кен орындарында мұнай өндіру басталған кезде өнім көлемін тиісті арттыруға және жеткізу көрсеткішін ұлғайтуға, сондай-ақ тасымалдауды іркіліссіз жүргізуге магистралды мұнай құбырлары жүйесін сенімді жағдайда күтіп-ұстауға жұмыстарды одан әрі жүргізе бермек. Өндірістік бағдар­ламаны атқарумен қатар біз компанияның шығындарын оңтайландыру және трансформациялау бойынша жұмыстарды да жалғастыра береміз. «ҚазТрансОйл» АҚ шығындарды бас­қару бағдарламасын жүзеге асыру үшін тиімді бақылау мен мониторингті де қолдай бермек. Осы аталған шаралар нәтижесінде, «ҚазТрансОйл» АҚ алдағы кезде де қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай-көлік қуаттылығына бар­лық қабілеттілігін дер кезінде қам­та­ма­сыз етуге әрдайым дайын тұрады. – Бәрекелді! Істеріңізге сәт­ті­лік тілейміз. Әңгімеңізге рахмет.  Әңгімелескен Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан».