• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2016

Қарғын

347 рет
көрсетілді

Аон Бенфилда орталығы өткен жылдың сәуір айында әлемде орын алатын ірі табиғи апаттардың тізімін жариялады. Онда Непалдағы жойқын зілзаладан басқа, Сібірдегі орман өрті, Қытайдағы шамадан тыс аяз, Кальбук пен Чилидегі атқылаған жанартау, Бразилия мен Ауғанстандағы көшкін және Қазақстандағы су тасқыны енген. Мамандар аталған орталықтың биылғы тізіміне еліміздегі табиғи апат тағы да ілінуі мүмкін деп отыр. Биыл сәуір айының басында тө­тенше жағдайлар басқармасының мамандары еліміздегі тасқынға бай­­ланысты арнайы рейд ұйымдас­тырып, қауіпті аймақтарды аралап қайтты. Олар тұрғындармен кездесіп, төтенше жағдайдың алғашқы шарттары мен ережелерін, қауіптің алдын алу жайын бүкпесіз баяндады. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мамандары жыл басында көктем кезінде су жырып кетеді деген жерлерді бір шолып шыққан болатын. Олар қалың қар ерісе, су басу қаупі туатынын біліп, дамбы көтеріп, бөгеттерді бекітіп, жолдарды жөндеуден өткізген-ді. Осы жылдың 7 сәуірінде Қара­­ғанды облыстық төтенше жағ­дайлар жөніндегі басқарма басшы­сының орынбасары М.Қатпанов тыныштық бермеген тасқын судың мәселесімен Шет ауданына атбасын тіреді. Жұмыс сапары ба­рысында Қошқарбай, Крас­ная поляна, Қарамұрын разъез­і секілді елді мекендерде су тасқы­ны жағдайы пысықталып, «Крас­ная поляна» және «Тұматай» су қойма­ларының жағдайлары тексерілді. 6 сәуір күні сағат 20:15-те Шет ауда­нында Нұраталды ауылдық округінің Қошқарбай ауылында Тал­ды өзені суының көтерілуі сал­дарынан 5 тұрғын үйдің және ауыл шетінде орналасқан аулаларды су басу қаупі орын алды. Бұл уақытта Шығыс Қазақстан құтқару бөлімшелері де су тас­қы­нына дайындықтарын жасады. Барлық өзендердің ашылғанына және су деңгейі тиісті мөлшерден аспағанына қарамастан, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүргізді. Сол кезде мамандар тау бөгеттерінде қар ери бастағанда, аймақта екінші рет су тасқыны болуы мүмкіндігін айтты. Қауіп Зырян, Көкпекті және Бесқарағай аудандарында болды. Өзендерді бақылау шаралары жерден ғана емес, әуеден де жүр­гізілді. Ғарыш мониторингісінен бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әуе бөлімшелері тарапынан Бұқтырма өзеніне және оның ағындарына тексеру жүргізілді. Мамандардың айтуынша, бұл үлкен қауіп төндіріп отыр. Аспаннан жүргі­зілген тексеру жұмыстары нәти­жесінде арналар ашық, кеп­телістер жоқ екені анықталды. Жал­пы, су тасқыны жағдайы бір қалыпты болды. Осы жылы Қостанай облысында да су тасқыны жағдайы орын алды. Осыған орай Қостанай, Рудный қала­лары мен Сарыкөл, Таран аудандарында су тасқыны салдарын жоюға бағытталған апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар егіс алқап­тарынан еріген қар суларының кү­шін те­жей­тін «Таулы ор» су жіберу құры­лыс­тарының қорғандарын нығайтты. Құм мен инертті материалы бар 8000 дана қап әкелінді. Қостанай қаласындағы Дружба кентінде еріген қар суының деңгейін бақылайтын облыстық төтенше жағдайлар де­пар­таментінің күзет орындары қойылды. Ақпарат сағат сайын су тасқынының алдын алу штабына ж­і­беріліп отырады. Қалаларда және аудан орталықтарында су тас­қынының алдын алу штабтары, тө­тенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдары және мердігер мекемелер 24 сағат бойы жұмыс істеді. Ертесіне Қостанай облысында ахуал күшейе түскеніне бай­ланысты және апаттық-құт­қару жұмыстарын жүргізу мақ­са­тында облыстық төтенше жағ­дайлар департаментінің құтқару жасақтары аймақтағы қауіпті жерлерге бет алды. Қазіргі таңда құтқарушылар мен қажетті құрал-жабдықтар көмегімен Қостанай қаласы, Алтынсарин ауданындағы Ұзынкөл, Сарыкөл, Свердловка кент­терінде еріген қар суларын тарту жұмыстары жүрізілуде. Сон­дай-ақ, құтқарушылар қала айна­ласындағы бөгетті қаптармен нығайту шараларын күшейтті. Астана қаласындағы халық­аралық әуежай аймағын су алу мә­селелері бойынша жиналған тө­­тенше жағдайлар мамандары елор­далықтарды мазасыздандырды. Алайда, Майбалық көліндегі су дең­гейі бірқалыпты екені анық­талды. Осы орайда халықаралық аэропорттың ұшу алаңын су алу қаупі жоқ екені айтылды. Оның ма­ңына жиналған су еріген қар мен мол жауын-шашынның суы екені белгілі болды. Қазіргі таңда Астана қаласы мен Ақмола облысының төтенше жағ­дайлар департаменті және әуежай қызметкерлері су деңгейіне мониторинг жүргізуде. Айта кетейік, су тас­қыны қаупі бар аймақтарда барлық алдын алу шаралары бүгінгі күні үздіксіз жасалып жатыр. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар бойынша комитеті хабар­лағандай, «Қазақстанның 5 об­лысындағы 6 қала мен 19 аудандағы 43 елді мекен су астында қалды. Таби­ғаттың тосын мінезінің салдарынан 513 үйді су басты, тағы 201 үйге қарғын судың басып қалу қаупі туды. Ұзындығы 20,674 шақырымды құрайтын 109 автожолдар мен 2 көпірді су шайды, бүгінде 115 аумақ қалыпқа келтірілді». Сонымен қа­тар, апатты аймақтардан 961 адам көші­ріліп, 17 адам құтқарылды. Қа­зіргі таңда 464 тұрғын өз үйлеріне қайтарылды. Ал, 468 адам туған-туыс­тарының үйлеріне жайғасты және 29 көшіру бекеттерінде орналас­ты. Апатты аймақтарда 34 274 метр уақытша қорғаныс бөгеттері бой көтерді, инертті материалы бар 116 769 қап қойылып, 736 498,62 шаршы метр еріген қар сулары тартылды. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан».