• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2016

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес

2056 рет
көрсетілді

Қолдауға лайық іс-шара «7 мамыр ерік-жігері мықты, қайсар мінезді ер аза­маттардың мейрамы болып табылады. Әрбір ер адам жауын­герлік бекетте немесе өзге де жағдайларда ең алдымен, өзінің отбасы және Отаны үшін сенімді тірек, қорғаушы болып келеді. Сондай-ақ, әрқайсысы өзінің қажырлы немесе бейбіт қызметімен Қазақстанның егемендігін және күш-қуатын нығайтады, оның дамуы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосады», – деді Айдын Айым­бетов. Әскери ұшқыш, ғарышкер сынақшы, Халық қаһарманы Айдын Айым­бетов Отан қорғаушы күні қарсаңында Қарулы Күштер өткізіп жатқан «Ер – елдің қорғаны» акциясына қатысты. #kzarmy и #7мамыр хэш­тегімен әлеуметтік желілерде өтіп жатқан осынау құттықтау акциясы бүкіл Қазақстанды қамтыды. 500-ге жуық адам барлық әлеуметтік желілерде 7 мамыр символикасы түрінде салынған аквагримі бар өз фотосуреттерін жолдады. Аталған акция Қазақ­стан­ның танымал блогерлері, жур­налистері, әйгілі эстрада өнерпаздары Роза Рымбаева, Тамара Асар, сондай-ақ, ұлт­жан­дылықтарын танытып, Отан қорғаушы күнімен құт­тық­тағысы келген қара­пайым қазақстандықтар арасында да қолдау тапты. «Егемен-ақпарат»