Республика бойынша Астана қаласында сауданың қарқын алғаны байқалады. Елордадағы бөлшек сауда айналымы 19,9 млрд теңгеге көбейіп, 80,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 12,5%-ын құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Астананың үлесі 10,6% болған еді.
Сонымен қатар, ШҚО-дағы бөлшек сауда айналымы айтарлықтай ұлғайып, 12,3% өсіммен 58,5 млрд теңгеге жетті. Ал үшінші орында Қарағанды облысы. Орталық Қазақстандағы саудагерлердің кәсібі 9,7 млрд өсіммен 60,8 млрд теңгеге жетті.
Тауар түрлеріне тоқталар болсақ, бөлшек сауданың 38,1%-ы азық-түлікке тиесілі. Бұл көрсеткіш ақпан айында 37,5% болған еді.
Айта кетерлігі, сауда компаниялары негізінен заңды тұлғалармен жұмыс істегенді жөн көреді. Нәтижесінде, қазіргі таңда саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде тіркей бастады. Нақтырақ айтар болсақ, осы саладағы кәсіпорындардың ішінде 57,3%-ы заңды тұлға болса, қалған 42,7%-ы жеке кәсіпкерлер. Бір ескерерлігі, ақпан айында саладағы саудагерлердің 53%-ы ғана заңды тұлға болатын.
Дайындаған Бауыржан Мұқанов