12 Тамыз, 2011

Қазақстандағы басқосулар әрдайым табысты өтеді

438 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қау­іп­сіз­дік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады. Н.Бордюжа Президентті ағ­ымдағы жылдың 12 тамызында Астанада өтетін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бей­­­ресми кездесуіне даярлық ба­рысы туралы хабардар етті. Кездесу, әдеттегідей, өте сын­­дарлы өтті. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Президентімен кезде­судің бәрі креативті режімде, ұсыныстар білдіріп, едәуір ма­ңызды мәселелерді талқылаумен өтеді. Мен үшін басты міндет Мемлекет басшысына ос­ында, Астанада өтетін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшы­ла­рының бей­ресми саммитіне да­ярлық барысы,  ұйым алдында тұрған проблемалар, барлық мем­лекетті ойландыратын жа­һан­дық және аймақтық қауіп-қатерлер туралы баяндау еді, деді Н.Бордюжа. Мен Астанаға са­парым алдында ҰҚШҰ-ға мүше барлық елде болдым. Сонымен қатар мен біздің мемле­кет­те­ріміздің қауіп­сіз­дігін қамтама­сыз ету жөнін­дегі біздің ұжым­дық қызметі­міздің тиімділігін арттыру үшін нені іске асыру қажеттігі жайлы өз көзқара­сым­ды айттым. Нұр­сұлтан Әбішұлы әрдайым ұйым қызметіне өте қызығушылық та­нытады. Ол осы ұйымды құруда бастама­шылардың бірі болды. Бүгін ол біздің елдеріміздің даму жолы­мен алға жылжыған сайын, осы ұйымның қызметінің құрылу идеясы мен тиімділігін артты­ру­дың құндылығы барған сайын арта түсетінін атап өтті. Ұй­ымның шын мәнінде қа­жет­тілігі артып келеді. Ұйым бү­гінде біздің мемлекеттеріміздің тұрақ­тылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінгі күндері проблемалар жеткілікті деңгейде кез­десіп отырғандықтан оған жеке күш-жігер жұмсау мүмкін емес. Ең бастысы, экономиканы дамыту, әлеуметтік мәселені шешу үшін негіз құру керек. Бұл мәсе­лел­ер­ді барлық мемлекеттік құры­лымдардың тыныш қызметі жағ­дайындағы тұрақтылықтың ар­қасында ғана шешуге болады. Астанадағы кездесу бейресми түрде өтеді, онда қандай да бір шешім қабылдау көзделмеген. Бастысы – Ұжымдық қауіпсіздік шарт әрекеті кеңістігінде қалып­тасқан жағдайды талқылау, мемлекет бастан кешіп отырған қауіпсіздік проблемаларын баға­лау, жағдайдың дамуына болжам жасау және осындай болжам­дарға сүйене отырып кейбір келеңсіз салдарлардың, біздің мемлекеттеріміздің тұрақ­ты­лы­ғына ықпал етуі мүмкін қандай да бір оқиғаның алдын алу үшін қажетті шараларды әзірлеу. Бү­гін­де ең басты проблема – бұл Ауғанстан проблемасы. Бұл тек есірткінің заңсыз айналымы ға­на емес, бұл сондай-ақ содыр­ларды дайындайтын лагерьлер­дің бо­луы, бұл экстремистік топтардың жұмысының белсенді жүргізілуі, бұл әртүрлі ұйым­дасқан қыл­мыс­тық топтар жұ­мысының бел­сен­ділігінің артуы. Сонымен қатар техногендік жә­не табиғи сипат­тағы төтенше жағдайлар проб­ле­масы да бар. Салдарларды жой­ып, адамдар­ды құтқару үшін қа­жетті әле­уетті дер кезінде пай­даланып, зардап шеккен мемлекетке кө­мек көр­сету үшін бірлескен күш-жігерді жұмылдыру қа­жет­­тігі туын­дай­ды. Осының бәрі біз­дің пре­зиденттеріміздің на­за­рын­дағы және солар тал­қы­лай­тын мәсе­лелер. Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президенті мем­ле­кеттердің интеграциялық бағы­тын ұста­нады. Нұрсұлтан Назарбаев ин­теграциялық үде­рістердің негізін құрайтын көп­теген қадам­дардың жиі баста­машысы болып табылады. Мы­салы, ЕурАзЭҚ құру Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы. Ол – ҰҚШҰ құруды ұсынған баста­машылардың бірі. Бұдан екі жыл бұрын Қазақ­стан­да, Бурабайда ұйымның Жедел әрекет ететін ұжымдық күш­те­рін құру туралы тарихи шешім қа­был­данған болатын. Бұл ше­шімнің бастамашысының бірі де Қазақ­стан Президенті болды. Бұл біз үшін өте жақсы, өйткені Қа­зақ­станда өтетін мұндай кездесулер әрдайым нақты және қы­зықты шешімдер қабыл­дау­мен аяқта­лады, деп атап өтті ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы кездесуден кейін журналистерге ар­нал­ған брифинг барысында. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.