Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуін тарихи маңызы зор бастама ретінде қуана қабылдадық.
Мемлекеттік деңгейдегі кез келген шешім мақсатсыз болмайды. Бұл тәуелсіз еліміздің келешегін ойлағаннан жасалып отырған қадам екені айтпаса да түсінікті. Алып елдің тағдыр-талайына қатысты аса маңызды мәселелерді шешу жалғыз Президентке шын мәнінде тым ауыр салмақ. Егемен ел болғаннан-ақ президенттік басқару жүйесін таңдап алғанымыз дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеді. Осы ұстаныммен әлемдік деңгейдегі қаншама жетістіктерге жеттік. Әлем жаңа мемлекетті көріп, жаңа экономикамыз бен жаңа қоғамымызды мойындады.
Десек те, нағыз демократиялық ел болу үшін билік бір қолға шоғырланбағаны абзал. Билік тармақтарының өкілеттігі мен құзырын қайта бөлу мәселесін Елбасымыздың өзі көтеріп отыр. Бұл ол кісінің мемлекет болашағын болжап, жоғары парасатпен қабылдаған шешімі: дара биліктен алқалы дана билікті жөн көріп отыр.
Жариялылық салтанат құрған елде саяси жүйе халыққа неғұрлым жақын, түсінікті болуы шарт. Бұл Үндеу сондай үрдіске шақыруымен құнды. Сондықтан, осынау қадамның тарихи маңыздылығына дау жоқ. «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте», – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана жариялаған Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында.
Ендігіде Үкімет пен Парламентке жүктелетін жауапкершілік жүгі де арта түспек. Бұл реформаның барысында Ата Заңымыз бен өзге де құқықтық нормаларға, құзырлы органдардың бағыт-бағдарына өзгерістер енгізілуі тиіс.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, Президент Жарлығына сәйкес, конституциялық реформалар жобасын тәуелсіз еліміздің халқы ортаға салып, талқылауы тиіс. Сол кезде ел ертеңін ойлаған азаматтар үнсіз қалмауы керек. Бұл – біздің ертеңгі тағдырымыз!
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы

Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Оқиға • Бүгін, 15:43
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 15:34
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
Ата заң • Бүгін, 15:20
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?
Руханият • Бүгін, 15:05
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
Медицина • Бүгін, 14:42
Нағыз өнердің дәуірі енді басталады
Әдебиет • Бүгін, 14:33
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:22
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 14:16
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 13:53
Статистика: Елімізде 170 мыңнан астам адам жұмысын ауыстырғысы келеді
Қоғам • Бүгін, 13:30
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32