Телефон, сенсорлы экран, радиохабарлама, видеоконференция, рентген, IMAX-технология. Бұл - әлемдік көрмелерде таныстырылған маңызды инновациялар. 1851 жылы алғаш рет өткен Барлық халықтардың өндірістік жұмыстар көрмесінен бері көп нәрсе өзгерді. Әсіресе, қалалар көрме брендіне айналды. 10 маусым күні Қазақстанның Астана қаласында ЭКСПО-2017 ашылды. Бұл көрмеден не күтуге болады?
Бұл мүлдем басқа қала
Қазақстан ұйымдастырып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне бірінші мәртебесін беруге лайық тұстары көп. Қазақстан Орталық Азияда және посткеңестік елдер арасында бірінші болып әлемдік көрмені өткізіп жатыр. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада көрмені өткізу моделі өзгерді.
ЭКСПО-2017 Орталық Азияны аралауға мүмкіндік береді. Мұнда ежелден көшпенді халықтар қоныстанған. Жібек Жолы Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы мен идеялар алмасуға сеп болды.
ЭКСПО-2017 – 1991 жылы тәуелсіздігін алған, мемлекеттің бірегейлігін белсенді насихаттайтын ұлтты тану мүмкіндігі.
ЭКСПО-2017 алаңынан көп нәрсе көруге болады
Астана – ерекше қала. Жазық далада жаңадан салынған қалада әлемге танымал архитекторлар салған ерекше әсерлі ғимараттар бар. Олар қаланың футуристік айбынын көрсетіп тұр.
Көрмеге барғандар Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президент сарайын, сонымен қатар мешіт, музейлерді, түнде жанатын фонтанды тамашалай алады. Астана кең ауқымды мәдени және ойын-сауық шараларын ұйымдастырған. Олардың қатарында түрлі спорттық шаралар, көрмелер мен концерттер бар. Шоппингті сүйетіндер танымал британ архитекторы Норман Фостер салған әлемдегі ең үлкен шатыр – Хан-Шатырын аралай алады. Бұл үш қабатты кешенде түрлі брендтер мен Мальдив аралдарынан әкелінген құмы бар жабық жағажай бар. Сонымен қатар Астананың асханасы да кез келген адамның көңілінен шығары сөзсіз.
Urban Lifestyle 101: көп мүмкіндік
Логистика – қала дамуының жүрегі. Астанада жаңа әуежай және темір жол вокзалы бар, қоғамдық көліктер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ кез келген адам өз ыңғайына қарай қонақ үйлер таңдауына да мүмкіндік көп.
Жасылдандыру мен қаланы абаттандыруға байланысты жобалар мақтауға тұрарлық. Бірақ жаяу жүргіншілердің мәселелері сынға ұшырап, әлі де реттеуді қажет етеді.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы ерекше дискурс туғызады
Әлем Париж климат келісімін талқылап жатқанда, Қазақстан оған лайықты орын бола алады. Пайдалы қазбалар мен мұнай Қазақстан экономикасының қозғаушы күші. Мұнай бен газдың ірі экспортшысы саналатын мемлекет астанасын да жаңадан салғаны түсінікті.
Бірақ Қазақстан соңғы онжылдықтарда қайта жаңартылатын энергия көздеріне басымдық беруде. Мысалы, мемлекет сыбайлас жемқорлық, заңгерлік қатерге байланысты бірнеше халықаралық ұйымдармен келісім жасаған. Ал 2013 жылы жаңартылатын энергия көздерін 2050 жылға дейін арттыру туралы амбициялы шешім қабылдапты. Ал әлем бойынша энергетикалық ноу-хауымен танылған 100 мемлекеттің басшылары, Шанхай Ынтымақтастық ұйым өкілдерінің Астанада жиналуы Қазақстанды әлемдік саясаттың маңызды бөлігіне айналдырды.
Ең озық технологиялық жаңалықтарға куә болыңыз
Әлемдік көрмелер қоғам болашағына пайдалы ғылым мен техниканың алаңына айналғалы қашан. Олардың қатарында ЭКСПО-2017 де бар. Бұл жолы жаңартылатын энергия көздерінің ең жаңа зерттеулерімен танысуға мүмкіндік туып тұр. Жел, күн, биомасса мен космос, кинетикалық энергия жобалары ұлттық және корпоративті павильондарда ұсынылған. Мысалы, климат сарапшылары мен Нобель сыйлығының лауреаттар комитеті таңдаған 13 мемлекеттің 24 жобасы ұсынылған павильонды ерекше атап өтуге болады. Бұқаралық ақпарат құралдарын дүрліктерген идеялар арасында күн импульсы бар. Glowee швецариялық күн қозғалтқышы – теңіз микроағзалары мен Bioo құралын қолдана отырып биологиялық жарық көзін алуға арналған жоба. Ол өсімдіктердің фотосинтезінен электр жарығын алады. Осы секілді басқа да жобалар коммерциялауға тұрарлық дүниелер. Инновация мен технологиялық даму жылдамдығын ескерсек, жобалардың көпшілігі жақында нарыққа шығуы мүмкін. Ал сіз олармен бәрінен бұрын таныса аласыз!
Автор: Stephan Rabimov
Аударған Гүлнұр Қуанышбекқызы,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Ерлан Омаров,
"Егемен Қазақстан"