Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Алматы түбінде ұшақ апатынан бес адам қаза тапты

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының маңында Ан-28 санитарлық авиация ұшағы құлап, ішінде болған бес адам қайтыс болды. 

Алматы түбінде ұшақ апатынан бес адам қаза тапты

3 қазан сағат 19:15 уақытында Алматы облысы Іле ауданында Междуреченск ауылының жанында Ан-28 ұшағы құлап, артынан отқа оранған. Ұшақ бортында болған бес адамның бәрі қаза тапқан, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«East Wing» әуе компаниясына қарасты Ан-28 ұшағы медициналық көмек көрсету мақсатында сағат 18:35 уақытында Алматыдан Шымкент бағытында ұшып, 12 минуттан соң сағат 18:47 уақытында Алматыдан 28 шақырым қашықтықта радардан жоғалған. 

Азаматтық авиация комитеті Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қайтыс болғандардың аты-жөнін жариялады.

Ұшақ командирі, Қырғыз елінің азаматы Цой Г.Н., екінші ұшқыш, Қазақстан азаматы Кутафин Е. Ұшақ бортында экипаж мүшелерінен бөлек екі медициналық қызметкер болған. Барлығы бес адам.

Ан-28 ұшағы 1990 жылы Польшада шығарылған, тіркелген номері UP – A2807. Жалпы ең ауыр ұшу салмағы - 5690 кг.

"Координаттар анықталып, ҚР ИДМ Көліктегі оқиғаларды тергеу департаментінің әуедегі оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының мамандары әуе оқиғасы туралы ақпарат түскеннен кейін, бір сағат ішінде оқиға орнына аттанып кетті," деп жазылған Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.