Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Абай шырағының сәулесі еді...

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Абай шырағының сәулесі еді...

«Ажал – бір жол, аттап етпек айла жоқ, Өткен адам қайта келмес, қайла жоқ», дейді Мағжан Жұма­баев. Қаралы хабар қабырғаны қайыс­тырды, омыртқаны ойсыратты. Жер бетінде шашырап жатқан бү­тін қазақтың рухани бастауын із­деп, маңдайын тірер бірден бір қа­сиетті жер – данышпан Абайдың қо­рық-мұражайының шырағының өш­пеуіне бүкіл ғұмырын арнаған Тө­кен Ибрагимов ақсақал дүниеден озды.

Кешегі күннен жүйрік еш­теңе жоқ. Төкен ақсақал көкірегі көмбе, қазына қария еді. Дана Абайдың дария дүниесінің үзілмес сабақтастығының дәнекері еді. Қазақтың әдеби, мәдени дүниесінде ойып тұрып орнын табар мұра қалдырған дарабоз ғалым еді.

Абыз ағамыздың қайтыс болуына байланысты ақсақалдың туған-туыс, жақын-жұрағаттарына, бүкіл Семей өңірінің халқына қайғырып көңіл айтамыз.

Ақсақалдың жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқығай.

 

Әуезовтер әулеті