ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен, Қытай Үкіметі мен Пекин қаласының және СУАР басшылығымен кездесті. Ірі қалалар мен үлкен кәсіпорындарда болды. Осы жолы «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл темір жол мен автомагистраль толық іске қосылғанда, Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтетіндігі айтылды. Бүгінде Ортаазиялық Иранмен қосқан темір жол жөнінде сол кезде сөз етілген-тұғын. Әрине Үрімшіде өткен ағайындармен жүздесу ерекше әсерлі болды. Тіптен протоколда жоспарланған сапар сондағы қандас ағайындардың өтінішіне орай бір тәулікке созылды. Сапар қорытындысында Мемлекет басшысы: «Алыстағы ағайындарға туған Отаны – Қазақстан шекарасын айқара ашты, сол мәселені толықтай келісіп, шешіп келемін» дегені есте. Қазір еліміздегі қазақ тілді журналистердің біразы сол алыстан келген ағайындар, солардың балалары.
Махат САДЫҚ,
журналист