Қазіргі таңда әлемдік қоғамдастық біздің Президентіміздің бейбітшілік пен келісімді, халықтар мен мемлекеттер арасындағы достықты және татулықты нығайтудағы бастамаларын жоғары бағалайды. Оның үстіне, этносаралық келісімнің қазақстандық моделі мен біздің мемлекет қалыптастырған жағдай әлемде баламасы жоқ, бірегей үлгі екені мойындалды.
Осы орайда Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде татарлар мен башқұрттар және басқа да этнос өкілдері өздерін және халқының мәдениетін күнделікті тұрмыстағы бүкіл салада көрсетуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ бүгінгідей мерекелі күнде Қазақстанда Елбасымыздың атына көше берілгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Бұл – уақыт еншісіндегі мәселе болатын. Мұндай шешімді халқымыздың асыға күткені анық. Ақыры сол күнге де жеттік. Мәселен, Татарстан астанасы Қазанда бірнеше жыл бұрын орталық көшелердің біріне Назарбаевтың аты берілген болатын.
Барша отандастарымды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Біздің елімізге, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа бар жақсылықты тілейміз!
Тауфиқ КӘРІМОВ,
Қазақстандағы татар-башқұрт конгресінің төрағасы, Әлемдік татарлар конгресі төрағасының орынбасары