Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

Цифрландыру – жастарға жаңа мүмкіндік

291 реткөрсетілді

2019 жылдың «Жастар жы­лы» болып жариялануын­ «Техно­ло­гиялық, эконо­ми­калық және әлеуметтік шапшаң да те­рең өзгерістер дәуірі» деп атап өткен Мемлекет басшысының төртін­ші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі жаңа талаптарға дайын болу қажеттігі жөніндегі тапсырмасын жауап­кершілікпен қабылдаған жас ғалымдар отандық ғылымда тың жаңа­лық­тар әкелуге тырысуда.

Әлемнің көптеген елін­дегідей Қазақстанда да цифр­лан­дыру кезеңі басталып кетті. Осы жылдың «Жастар жылы» деп жа­риялануы IT саласындағы жас­тарға сенім артты деуге не­гіз көп. Оның ішінде ақпараттық және есептеуіш технологиялар инс­титутында (АЕТИ) еңбек етіп жүр­ген жастар ерекше серпіліп, ғы­лыми ізденістерге ынталары ар­та түскендей. Институт жаста­ры өздерінің IT саласындағы із­де­ністерін ғылыми жобалар та­лап­тарына сәйкестендіріп, семи­нарларға ұсынуда. Осы тұста жас ғалымдардың жетістігін айта кет­кенді жөн көріп отырмыз. Талғат Исламғожаев көп­шілікке қызмет көрсетуге арналған роботтық жүйелердің 3 түрін жобалап тұтынушыларға ұсынса, жаңғырмалы энергия көздері бойынша жаңа жобалар дайын­дауда Салауат Дауылбаев, Өмір­лан Әуелбеков, Мұрат Күнел­баев,­ Назбек Катаев сияқты жас­тар цифр­лы басқарымды жаңа энер­­­гетикалық жүйелер жасау­ды қол­­ға алуда. Ал Рустам Мұса­баев­­­­тың жетекшілігіндегі жас­тар жеке тұлғаның қоғамдағы дамуы, еліміздің қауіпсіздігі жә­не әлеу­меттік тұрақтылығы сияқ­т­ы мәселелерге негіз болатын әлеу­меттік құны бар жобаны жүзеге асы­руда жетістіктерге же­туде. 

Бүгінде институт құрамының 60 пайызы жас ғалымдардан жа­сақ­тал­ған. Жастардың ғы­лы­ми­ жұ­мы­­с­ы­­ның, шығарма­шы­лы­ғы­­ның­, сондай-ақ лауазымының өсуіне толық жағдай бар. Инс­титут жастары алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерде ғы­лыми тағылым­дамалардан өте алады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен АEТИ арасын­дағы бі­лім алу бағдарламасы бойын­ша институт жас­тарына PhD докторы дәрежесін алу да жолға қо­йыл­ған. Ал институттың 9 ғы­лы­ми қызметкерінің несие­леу бағдар­ламасы аясында­ жеңіл­дікпен бас­паналы болуы жастардың ғылымға деген құлшынысын арттыра түс­кені анық. 

Елімізде ақпарат­тық технологиялар саласындағы бірден-бір мамандандырылған бейінді ғы­лыми ұйым ретінде институт құ­рамында әртүрлі ғылыми ба­ғыт­тар бойынша ақпараттық қауіп­­сіздік, математикалық жә­не компьютерлік модельдеу, бей­не­лерді тану және шешімдер қа­былдау, математикалық кибер­нетика және есептеуіш тех­ноло­гия­лар, ақпараттық және теле­ком­муникациялық қызмет көр­сету, ин­новациялық және смарт-технол­огиялар, 13 зертхана жұмыс істейді. «Робототехникалық жүйе­лер және машиналық көру» жобасы шеңберінде кедергілерді айналып өту үшін мобильдік робот, оқу-жаттығу мақсаттары үшін мобильдік платформа, видеокамерасы бар гексокоптер, барлаушы робот-танк, мобильді миниробот, бионикалық қол, FarmBot робот-бағбан әзірлеме­­лері дайындалды. 

Институт ғалымдары робото­тех­никалық жүйелерді басқару үшін мәліметтерді сымсыз тасы­мал­дау және «бұлттық есептеу­лер» технологияларын дамы­ту­да. Бұл модельдердің көп­ші­лігі KADEX-2016, 2018, «Қай­сар-2016», «Айбын-2016» арнайы көр­ме­­лерінде сынақтан өтті. 

Сондай-ақ қазақ тілін ақпа­рат­­тық жүйелерге интеграция­лау бойын­ша мәтіндік ақпараттар­ды автоматты жинау, сараптау­ және тілді анықтау, тану үшін­ бағдарламалық кешендер әзір­ленді. Жас ғалымдар «Қазақстан халқы» интерактивті картасын жасап шықты.

Ұжымның зияткерлік әлеуе­тінің қаржылық және материалдық-техникалық жағынан жеткілікті қам­­­тамасыз етілуі экономиканы және қоғамды цифрландыруға то­лық мүмкіндік береді. 

Мақсат ҚАЛИМОЛДАЕВ,

 ҰҒА академигі, Ақпараттық және есептеуіш

 технологиялар институтының бас директоры

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар