09 Тамыз, 2012

«Біздің ел шөл даладағы ылғалды алқап тәрізді»

343 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

«Біздің ел шөл даладағы ылғалды алқап тәрізді»

Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:37

– дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-стройсервис» ЖШС директоры Шакир Хахазов

Қаржылық дағдарыс бүгінде әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Қазір көптеген мемлекетте қаржылық қиындық бар. Әсі­ресе, Еуропа елдерінің жағ­дайы нашар. Ол елдердегі күн санап қатары көбейген жұмыс­сыз­дардың жаппай тәртіпсіздікке бой алдыруының өзі осы қар­жы­лық дағдарыстың салдары.

Бейсенбі, 9 тамыз 2012 5:37

– дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-стройсервис» ЖШС директоры Шакир Хахазов

Қаржылық дағдарыс бүгінде әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Қазір көптеген мемлекетте қаржылық қиындық бар. Әсі­ресе, Еуропа елдерінің жағ­дайы нашар. Ол елдердегі күн санап қатары көбейген жұмыс­сыз­дардың жаппай тәртіпсіздікке бой алдыруының өзі осы қар­жы­лық дағдарыстың салдары.

Мұн­дай бас көтерулер саяси жағ­дай­ды да ушықтырып, елдердің тұ­тас­тығына да айтарлықтай қауіп төндірді. Сөйтіп, қай елде болмасын экономикалық жағдайдың төмендеуі ондағы тыныштықты да шайқалтатыны тағы бір дә­лелденгендей. Қазақтың «алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылы бекер айтылмаса керек. Ал біздің ел бүгінде бірліктің ұясы ғана емес, дағдарыс кезінде экономикалық қиындықтарға да төтеп бере алған берекенің бесігі болып отыр. Оған еліміздің бү­гін­гі хал-ахуалы айғақ.

Қазақстан халқы этностық құрамы жағынан әралуан. Бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Қазақстан еліміздің аумағында тұрып жатқан ұлттардың теңдігі қағидасын қатаң ұстанады. Әрбір қазақстандыққа өзін толыққанды ұлт ретінде танытуы үшін барлық жағдай жасалып, өзіндік этномә­дени мүдделерін жүзеге асыру құқығы берілген.

Ұлттардың өзіндік тұрмыс-тір­шілігін қолдаудың үлгісі ре­тін­де Қазақстанның түкпір-түк­пі­рінде ашылған ұлттық-мәдени орталықтардың жұмысы бүгінде кең өріс алып дамуда. Олардың жоғары мінбері – Қазақстан хал­қы Ассамблеясы. Қазіргі таңда осы мықты әлеуметтік күш Парламент палаталарының, саяси пар­тиялардың, бұқаралық ақпа­рат құралдарының, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарында өз ұстанымдарын таныта отырып, азаматтық қо­ғам­ның дәстүрлі институттарымен тығыз ықпалдасып кетті. Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Қа­зақ­станның саяси жүйесінің ма­ңыз­ды бөлшегіне айналып, бар­лық ұлт­тар­дың мүддесін бекітіп нығайтты, ұлттық және діни әралуандыққа қарамастан барлық азаматтардың құ­қықтары мен жеке бостан­дық­та­рын қадағалаудың мүлтіксіз орындалуын қамта­ма­сыз етті. Бұл ұйым Қазақстанда осы саладағы ұлт­ара­лық қаты­нас­тарды үйлестіру мен тең­дес­тірудің ерекше маңызды құралы­на айналды.

Ассамблеяның қызметіне Қа­зақстанның ұлтаралық мәсе­ле­лер­ді шешудің әлемдік тәжіри­бесіне қосқан қомақты оң үлгісі арқау болған. Бұл – маңыз­ды­лы­ғы ең жоғары деңгейде бағалан­ған үлес. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан 2002 жылы біздің елімізде болған сапарында Қазақстанды әлемнің өзге мемлекеттері үшін тұрақты және тиянақты дамудың, ұлтаралық келісімнің озық үлгісі ретінде атап өткен болатын.

Мен, дүнген ұлтының өкілі ретінде, «Бірлескен құрылыс корпорациясы-Стройсервис» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктес­ті­гін­дегі өз ұжымыммен бірге Ұлт көш­басшысының өз қолымен сыз­ған жобаларын жүзеге асыру жолында қолдан келер үлесімді қосып келемін. Біз салған Ас­танадағы тазарту құрылыстары, көпір мен жол-көлік айрығы өте сапалы әрі өте қысқа мерзімде тапсырылды. Астана қала­сын­да­ғы үш көпір мен Алматыдағы күрделі жол-көлік айрығының құ­рылысы аяқталуға жақын. «Нұр Отан» партиясы атынан Ас­тана қаласы мәслихатының V ша­қырылымының депутаты ретінде партия құрылтайында оның Төр­ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған істерді жү­зе­ге асырудамын.

Сондықтан, Ассамблеяның би­ылғы XIX сессиясының ұраны ерекше маңызға ие. Қазақстан хал­қы, біздің Мемлекет басшысының дана, салмақты саясатының арқа­сында, бірлігін, тұтастығын сақ­тап отыр. Бұл – Қазақстан аума­ғында ұлттардың тіршілік ету тарихынан жеткен үрдіс. Соғыс жылдарында, тың игеру кезінде адамдар соңғы нанына дейін бөліп жеп, қашанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды, ортақ мақсатқа жұмылды.

Бұдан өзге, әлемдік сарапшылар атап өткендей, біздің еліміз­дің өмір тұрмысының барлық салаларында тұрақтылық сақтал­ған. Американың, Еуропа мен Азия­ның алдыңғы қатарлы мем­ле­кеттерін жайлаған, көрші Ресей мен Орталық Азия елдерінің дамуына да әсерін тигізген атышулы қаржы дағдарысына қа­рамастан, біз «шөл даладағы ыл­ғалды алқап» тәріздіміз. Қазақ­стан­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан шығу және жақындаған дағдарысқа қар­сы күрес жолында қажетті шараларды дәл уақытында ат­қар­ды. Мұнай секторынан түскен кі­рісті жинақтайтын Ұлттық қорды пайдалануға рұқсат етті, сөйтіп елімізді алып құрылыс алаңына айналдыруға шешім қабылдады. Бұл туралы Н.Назарбаев Парламентте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында да айт­қан болатын.

«Әлем дағдарысқа ұшырайды, ал біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, он мыңдаған адамды жаңа жұ­мыс орындарымен қамтамасыз етеміз, – деді Елбасы. – Ол даму жобаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан несиелер қарас­тыруға тура келеді. Мен бұл ақ­ша­ларды батыстық банктерде ұс­тап сақтағаннан гөрі, өз экономикамызды дамытуға салғанымыз дұрыс деп ойлаймын».

Бұл Қазақстан халқы Ассам­блеясының үшінші сессиясының құрамдас ұраны – жаңғыртуға қа­тыс­ты. Өйткені, қаржы ел экономикасын жаңғыртуға жұмсал­мақ. 2010-2014 жылдарға арнал­ған Қа­зақстан Республикасының үдемелі индустриялық-иннова­ция­­лық да­муы­ның мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы индустриялық-ин­новациялық үрдістердің қоз­ғау­шы күші болатын «дәстүрлі мамандану» саласын дамыту арқы­лы алдыңғы қатарлы шикізаттық емес салаларды озық дамытуға бағытталады.

Индустрияландыру бағдар­ла­масы­ның арқасында тек соңғы екі жылда ғана 350-ден астам түрлі өндіріс орындары пайда­лану­ға берілген. Ал бұл адамдар бұрынғыдан да көп еңбекақы алатын 200 мың біліктілікті индус­трия­лық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 2015 жылға дейін тағы осынша жаңа жобаны іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

Мен Қазақстанды мекендей­тін барлық халықтардың достық­пен бірлескен жұмысы және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүр­гізіп отыр­ған салиқалы сая­сатының ар­қа­сында жүзеге асырылып жатқан көлемді жобаларға үлес қосқа­ным­ды мақтаныш етемін.

Жазып алған Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».