Жаңа технология сал болып қалған адамдарға компьютерлер мен смартфондарды қолдануға мүмкіндік береді.
Инновацияның негізі бойынша қалыңдығы небәрі 4-6 мкм болатын жіптер иненің көмегімен басқа енгізіледі. Ол арқылы мидағы ақпараттарды оқуға болады.
Мұндай жіптермен жұмыс істеу қиын болғандықтан Neuralink нейрохирургиялық робот жасауға мәжбүр болды. Ол автоматты режимде минутына 192 электродпен 6 жіпке дейін қыса алады. Оның басты артықшылығы – мидың қабыну реакцияларын азайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ Neuralink жіптердің көмегімен ақпарат алу үшін арнайы чип шығарды. Қазір ол USB-C арқылы компьютермен ақпарат алмаса алады. Компания ендігі кезекте сымсыз жұмыс істейтін нұсқаны қарастырып жатыр. Бұл жағдайда жүйені смартфонмен басқаруға болады.
Дәл қазір бұл эксперимент тек егеуқұйрықтарға жүргізілді. Оларға 1500-ге жуық электрод сәтті енгізілді. Нәтижесінде Neuralink жүйесімен ақпарат алмасу жылдамдығы нарықтағы аналогтардың жылдамдығынан 10 есе асып түсті.
Мұндай эсперимент адамдарға 2020 жылдың екінші жарты жылдығында жасалады деп күтілуде. Ғалымдар ол уақытта жіптерді лазерьдің көмегімен енгізбекші. Айтуларынша, ол кезде қазіргідей бас сүйегін теспейтін болады.