Кино • 11 Қыркүйек, 2019

Қазақстандық фильмдер көрсетілім жағынан голивудтық фильмдерге жетті - Н.Қоянбаев

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев Astana Media Week шарасында айтты. 

Қазақстандық фильмдер көрсетілім жағынан голивудтық фильмдерге жетті - Н.Қоянбаев

«Кино саласында жұмыс істеп жүргенімізге төрт жыл әлі болған жоқ. Сол төрт жыл ішінде кішігірім үш-төрт кино түсірдік. Соңғы уақытта қазақстандықтардың отандық фильмге деген қызығушылығы артуда. Соңғы екі жылда қазақстандық фильмдер көрсетілім жағынан голивудтық фильмдерге жетті деп айтуға болады. Кинотеатрда көрсетілетін үздік бес фильмнің ішіндегі екі фильм - қазақстандық. Жалпы сериал туралы айтар болсақ, 31 арнамен алғаш рет «Базарбаевтар» телехикаясын көрсеттік. Көп қаражат жұмсалды. Дегенмен ол ақталды деуге болады. Үкімет тарапынан киноны, сериалды қолдауды құптаймын. Өйткені, кеше Кореяға барғанымызда әріптестермен сөйлескенде  Корей мемлекеті жеке компанияларға сериал және кино түсіру жағынан көмектесетінін айтты. Оның жетістігін бәріңіз білесіздер. Қазіргі кезде жеке компаниялардың кинолары сұраныста»,- деді Нұрлан Қоянбаев. 

Еске салсақ, бүгін елордада үш күнге созылатын дәстүрлі Astana Media Week өтіп жатыр. Шараның бірінші күні сериалдық өнімдерді шығаруға, кино прокатының шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі мен оның демеушілер үшін тартымдылығы тақырыбына арналған. 

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32