Президент • 06 Қазан, 2019

Президент Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады. Президентт бұл туралы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды. 

Президент Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

«Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!» деп жазды Президент.

Айта кетейік, бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түсті.