Руханият • 07 Қазан, 2019

Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»

829 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышы, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жақында ғана Анапа қаласында өткен ХХVІІІ халықаралық «Киношок» кинофестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алды. Қазақ киносының мэтрі бұл жүлдені режиссер Қуат Ахметовтің «Аруақ» фильміндегі Ағатай қарттың рөлі үшін иеленді.

Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»

Мәдениет және спорт минис­трлігінің тапсырысы бо­йынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аруақ» фильмі прокатқа биыл көктемде шыққан болатын. Режиссердің айтуынша, фильм идеясы А.Әшімовтің өзіне тиесілі. Жа­пан далада жалғыз өмір кеш­кен қарияның жас ұрпаққа айтқысы келетін ойын, фәни жалған туралы толғанысын парасатпен өрген кинотуындыда идея авторының жеке көзқарасы мен пайымы басым. «Бұл фильм­нің кейіпкері ғарыштық кеңістіктегі адам. Ол көптеген тіл біледі, көп елді мекен еткен. Бір қарағанда, «Атаманның ақы­рындағы» Қасымхан Чадья­ров тағдырының жалғасы сияқты, кейіпкер 80 жаста, ендеше бұл оның дәлме-дәл жалғасы емес, біртіндеп басқа тарихты жасаған адам», дейді А.Әшімов.

Сүйген жары қайтыс болған, ағайын-туысы да қалмаған, өз ортасынан безіп, қу мекиен даланы пана тұтқан Ағатай есімді қарттың кішкентай жетім балаға кезіккен оқиғасы көрерменді бейжай қалдырмайды. Құ­­лазыған ақсақалдың жарым­жан көңілі жетімдер үйі­нен қашып шыққан баланы көр­генде өзгеріп сала береді. Қазақ ақсақалына тән даналық, терең ойлау дағдысы фильмнің өн бойына арқау болған. Түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелерінің желісі бойынша түсірілген фильмнің бас кейіп­кері осы образы арқылы әлі де бабындағы актер екенін бар­­ша жұртқа тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Егемен-ақпарат»