Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Шымкент: әл-Фараби ауданының 90 пайызы залалсыздандырылды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелердің 90 пайызына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 

Шымкент: әл-Фараби ауданының 90 пайызы залалсыздандырылды

Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады. 

 

Шымкент

Соңғы жаңалықтар