Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымға сайланғалы бір жыл өтті. Осы уақыт аралығында ел игілігі үшін көптеген іс-шаралар атқарылып, маңызды шешімдер қабылданды. Әсіресе бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға басымдық берілді.

Өткен жылы жазда несиесін төлей алмай жүргендерге арналған ауқымды бағдарлама жүзеге асты. Соған сәйкес, 500 мыңға жуық азаматтың 300 мың теңгеге дейінгі несиесі өтелді. Оған қоса, 1, 2 миллион адамның айыппұлы мен өсімақысы кешірілді. Мұндай қадам сол кезеңдегі тұтыну несиесі бойынша қалыптасқан ахуалды жеңілдетуге мүмкіндік берді. Кейіннен кірісі жоқ қарызгерлердің тұтынушылық несиесін шектеу жөнінде шаралар қабылданды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың қыркүйегінде алғаш рет халыққа Жолдау жариялағаны белгілі. Онда көптеген экономикалық бастамалармен бірге зейнетақы және тұрғын үй саласындағы реформа қамтылды. Сонымен қатар 5 пайыздық зейнетақы жарнасын 3 жылға кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. Бұған қоса, микро және шағын бизнеске табыс салығын 3 жылға дейін төлемеуге рұқсат етілді. Микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға мораторий жарияланды. Осындай шаралардың жалпы құны шамамен жылына 600 миллиард теңгені құрайды.
Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына бөлінетін қаражат көлемін арттырды. Былтырғы желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл құжат педагогтердің жағдайы мен құқығын жақсарта түсуі тиіс.
Биылғы қаңтар айында Мемлекет басшысы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды сараптау және бақылау орталығын құруды тапсырды. Бұл мекеме келешекте Старегиялық жоспарлау мен реформа жөніндегі агенттіктің іргетасы болуы тиіс. Үкіметке 15 мамырға дейін жаңа экономикалық саясат құру жүктелген еді. Яғни мамыр айында ауқымды реформа туралы айтылуы тиіс болатын. Бірақ ақпанда коронавирустың эпидемиясы таралып, пандемияға айналғандықтан, наурызда бүкіл елде карантиндік қатаң шаралар жарияланды.
Коронавирустың пандемиясы әлі де жалғасып келеді. Бірақ оның таралу ауқымы бәсеңдеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекет карантиндік шараларды жеңілдетуді бастап кетті. Осыған қарамастан, карантин кезінде көптеген елдің, оның ішінде Қазақстан да бар, экономикасы қатты зардап шекті.
Наурыз-сәуір айларындағы экономиканың құлдырауы кейінгі айларда қалпына келеді. Бірақ жыл соңында экономиканың әлсіреуі 3-5 пайызды құрайды деп ойлаймын. Егер мұнай бағасы барреліне 40 доллардан айналса, экономикалық құлдырау қатты байқалмауы тиіс. Өйткені биылғы бюджет мұнайдың құны барреліне 20 доллар болатын жағдайға есептелген.
Карантин кезінде экономикалық шаралардың 3 пакеті жарияланды. Оның жалпы құны 6 триллион теңгені құраса, 380 миллиард теңге Төтенше жағдай кезіндегі төлемге жұмсалды. Қалғаны жыл соңына дейін тиісті шараларға жұмсалады. Олардың қатарында зейнетақының, стипендияның, әлеуметтік көмектік өсімі, сәуір-қазан айларында бірқатар салаға салық салмау бар. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасына 1 триллион теңге қарастырылған. Несиелеу бойынша да триллион теңге жұмсалмақ. Бұдан да басқа атқарылатын әлеуметтік-экономикалық шаралар жетерлік.
Қазір, карантин аяқталғанда экономикалық реформаға дайындық жұмыстары басталды. Енді, жаңа экономикалық саясат бейімделіп, түзетіліп, қыркүйекте жариялануы күтіледі. Келешекте әлемдегі және елдегі ахуал тұрақталып, мемлекетіміз уақыты келген реформаға белсенді кіріседі деп үміттенемін.
Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕН,
экономист
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Спорт • Бүгін, 06:55
Руханият • Бүгін, 06:53
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Ұқсас жаңалықтар