Аймақтар • 24 Маусым, 2020

"От кешкен ордалықтар" кітабының тұсауы кесілді

481 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы – Сталинград шайқасы кезінде жау бомбасының астында қалып, соғыс түтінін иіскеген өңір. Осы ауданның Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерінің тарихы туралы жаңа кітап жарық көрді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"От кешкен ордалықтар" кітабының тұсауы кесілді

Ұлы Отан соғысы тарихына маманданған белгілі өлкетанушы Ахмедияр Батырхановтың "От кешкен ордалықтар" кітабы осы кезге дейін ақтаңдақ болып келген беймәлім тарих парағын ашуымен құнды. Автор бұл еңбегінде соғыстан оралмаса да "Боздақтар" кітабының 6 томына енбеген 666 ордалық, тұтқында қайтыс болған 44 боздақ, соғыста істі болып, ең жоғарғы үкімге кесілген 15 адам жəне сотталған 23 ордалық туралы толық дереккелтірген. Сонымен бірге, бұл кітапта Орда аудандық əскери комиссариатынан əскерге шақырылып, майданда ерлік көрсетіп, орден мен медальдарға марапатқа ұсынылған 1374 адамның аты-жөні, əскери шені мен марапаты туралы да тың мəлімет бар екен.

Кітаптың тұсаукесер шарасына бейнежолдау жолдаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы Ұлттық Қорғаныс университеті докторанты Амангүл Алдабергенова мен тарих ғылымдарының докторы, әскери ғылымдарының профессоры Сайран Мұхамбетжанова жаңа еңбектің Қазақстан тарихы үшін өте құнды еңбек екенін айтыпты. Тіпті кітап авторын болашақта осы тақырыпта бірлесе жұмыс жасауға шақырған. Бұл елімізге белгілі кәсіби ғалымдардың өңірдегі өлкетанушыға берген биік баға, үлкен сенім дер едік.

"Ең алдымен еңбегімнің маңызына мән беріп, баспа бетін көруіне қаржылай қолдау көрсеткен Бөкей ордасы ауданының әкімдігіне алғыс айтамын. Соғыс тақырыбында ашылмаған, айтылмаған ақтаңдақ көп. Кезінде соғыс шығынын азайтып көрсету басты талап болды. Жау тұтқынында болғандар тақырыбы да тыйым салынған табу еді. Тұтқын туралы сөз етсек, әр аудан тарихында айтқанда төрт-бес адамнан аспайтын едік. Шаң басқан архивтер деректеріне сүйенсек, көршілес Жәнібекте 51, Жаңақалада 55 адам, Бөкей Ордасынан 44 жауынгер жау тұтқынында қайтыс болған. Кітап баспаға жіберіліп, бет қатталып жатқанда, хабар-ошарсыз кетті деп танылған 14 бөкейлік сабаздың, жеті бөкейлік ұшқыштың аты-жөнін анықтап, тың деректерге тап болдым. Жауынгерлердің аты-жөндерінің, мекенжайларының, жер атауларының дұрыс, сауатты жазылмауы көп кедергі тудырады. Бір мәліметті анықтаймын деп отырып, он тың мәліметке кезігетін кез болады. Осындайда Бөкей ордасында туса да, басқа жерлерден, көршілес Ресей мен Қазақстанның ірі қалаларын былай қойғанда, Якутияда жүрген жерінен майдан даласына аттанған ордалық оғландар туралы мәлімет анықталды", -дейді автор Ахмедияр Қуанұлы.

О

Батыс Қазақстан